Ақмолада ірі қара мал қырылып жатыр

cover

Ақмола облысында жаппай мал қырылып жатыр. Ақкөл ауданында ғана 500-ге жуық сиыр арам өлген.

Бұл туралы Orda.kz Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.

Сиырлардың аузынан ақ көбік ағып, көп ұзамай өліп жатыр. Оларға не болғанын тұрғындар түсінбейді, ал сенген мал дәрігерлері дәрі таппай жатыр.

Ірі қара су ішпей, шөп жемей, аузынан көбік ағып, аяғы жара боп, орындарынан тұрмай, арам өлуде. Жұртшылық абыржып отыр.

Ауруға тек Ақкөл ауданының малы ғана емес, сондай-ақ Азат ауылының 400-дей ірі қарасы шалдыққан. Оның 10-ы өлген.

Ауру Новомарковка, Искра, Минское ауылдары мен Степногор іргесіндегі Қарабұлақ елді-мекендерінде де тіркелген.

– Тілі салақтап, аузының бәрі уылып, ауданның түгел ветврачтары келіп, түрлі-түрлі уколдар салып, сол енді ауыл үлкен ғой барлығына үлгермей, қолымыздан келгенін, барын жасадық. Бір мал өлді, біреуі жазылды, - деді Азат ауылының тұрғыны Бауыржан Айсахан.

Малға сеніп келген тұрғындардың соңғы үміті мемлекетте.

– Бір укол 2,5 мың тұрады. Бізге ешқандай көмек жоқ. Вакциналарды ғана қояды, қан алады. Біз тегін ешқандай дәрі алмаймыз. Бізге бермейді, - деді Қарабұлақ ауылының тұрғыны Алтынай Рақымжанова.

10 күн бұрын малдардан сынама алынған. Бірақ сараптама нәтижелері кешігіп жатыр.

– Сынамалардың келген жауабында аса қауіпті аурудың тіркелмегені белгілі болды. Лабороториядан сынамалар болмағандықтан біз клинический метод дейді, мал ауруы қалай көрініп тұр, соған қарсы емдік шаралар жүргізіп, малдар емделіп кетіп жатыр, - деді Ақмола облыстық ветеринарлық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жүнісов.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар