«Тікелей Тоқаевпен істе»: Ақтөбе әкімі ақорданы белгілеген партия төрағасын қорқытты ма?
Фото: Gov.kz
Ақтөбедегі сапасыз жұмысты желіде көрсетемін деп қала әкімі Бекет Азамат Бауыржанұлынан сөз естіген белсенді Астанада жүр. Ол шендінің сөздеріне құзырлы органдардың назар аударуын сұрайды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Байтақ» жасылдар партиясының Ақтөбедегі филиалының төрағасы Ерәділ Үббіниязов президенттен өңірге тексеру жіберуді сұрады. Айтуынша, қаладағы сапасыз жасалған жұмысты қадағалауды сұрағаны үшін әкім тарапынан ыңғайсыз жағдайға тап болған.
«Ақтөбеде жол мәселесі өзекті, білесіздер. Өткенде Ақтөбе қаласында жаңбыр жауған күні судың үстіне асфальт төседі. Оны көшеде өтіп бара жатып көрдім. Жұмыс істеп жатқандардың қасына барып, тоқтатуды сұрадым. Дәлел ретінде бейнежазба түсірдік. Бұл туралы парақшамда бар. Көлігіме жетемін дегенше қала әкімі хабарласты. Күдіктендім, сондықтан сөздерін бейнежазбаға түсірдім. «Тоқаевпен жұмыс істе» деген әңгіме болды. Мәселені айтқанда «президентпен жұмыс істе» деп тұр. Ал олар не істеп отыр?! Сенімді өкіл ретінде тағайындалған әкімдер солай сөйлейтін болса, басқадан не сұрайды? Бюджеттің бірнеше млрд теңгесі сеніп тапсырылған өкілдер осылай деп отыр», — деді Ерәділ Үббіниязов.
«Байтақ» жасылдар партиясы Ақтөбедегі филиалының төрағасы қазір Астанада жүргенін айтты. Әкімнің әрекетін партия көшбасшыларымен ақылдасатынын, заңды түрде жауапқа тартқысы келетінін жеткізді.
«Мен қазір Астанадамын. Е-Өтінішпен негізгі мәселелер бойынша шағым жаздым. Тиісті құзырлы орган назар аударады деп сенеміз. Осыған дейін де жағдайлар болды. Саябақтарда тоқ сымдары ашық жатыр. Триатлон саябағында адамдар таңғы сағат 5-тен бастап жүреді. Ондағы әжетхана да ерте жұмыс істеу керектігін көтердім. Ал әкім тарапынан «кілтін беремін, өзің істе», «бұрағыш берейін, бұрап таста» деген сөздер болды. Оның барлық айтқан сөзіне дәлел бар. «Не себепті олай айтты?» дегенге өзі жауап берсін. Сотқа беруді де ойланып отырмын. Партияға тұрғындар тарапынан шағымдар түседі. Тиісінше, заңды түрде әкімдіктерге хат жазамыз», — деді ол.
Оқиғаға қатысты Ақтөбе қаласы әкімдігі жақ ашпады.
Әкім ақорданы желіде белгілеуге неге қарсы? Orda.kz басылымының өңірдегі тілшісінің сұрақтарын жауапсыз қалдырды.
Бекет Азамат Бауыржанұлы 1983 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары Қазақ гуманитарлық заң университетін құқықтану, Экономика және құқық Академиясын қаржы мамандығы бойынша аяқтаған. 2016-2018 жылдар аралығында Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымын атқарды. 2018-2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2020-2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2021-2023 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі қызметін атқарды. 2023 жылғы 26 маусымнан бастап Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды.
Еске сала кетсек, маусым айында президентті ерекше дайындықпен қарсы алған Ақтөбе әкімі Азамат Бекет күлкіге қалған еді. Сол күні қаладағы қураған ағаштың бұталарына дейін «ғажайыптың құдіретімен» жасыл түске боялды.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Жазушы Мақсат Тәж-Мұрат өмірден озды
- Ақорданы белгілеуге қарсы болған Ақтөбе әкімі қоқыс мәселесін шеше алмай отыр
- Президенттің бұрынғы көмекшісі Шарлапаев «Бәйтерек» құрамындағы қызметінен босатылды
- Атыраудағы агроколледждің студенттері төбелес шығарды
- Путиннің досы ашқан компания «Лукойлдың» шетелдік активтерін сатып алмақ
- Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз жүргізіп қаза тапты
- Астанада 26 жастағы қыз 15-қабаттан секірмек болды
- Бектенов бірнеше әкімге орынбасарларын жазалауды тапсырды
- Алматыда бір ер адам өз анасын өлтірді
- Ақжарқын Тұрлыбайды қайтару үшін Нигерия азаматын экстрадициялау жолдары қарастырылып жатыр
- Бас прокуратура Қайрат Қожамжаровтың қайда екенін білмейді
- Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды
- Оралда әкімдік алдында аштық жариялаған белсендіні полиция ұстады
- Париждегі Лувр мұражайын тонаған үшінші күдікті қолға түсті
- «Менің тағдырым қоғамды тыныштандыру үшін құрбандық болмауы керек»: Хасан Қасымбаевтың соңғы сөзі
- Пусанда Трамп пен Си Цзинпиннің кездесуі өтті
- Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
- Қырғызстанда өзге тілде жазылған маңдайшыларды жойып жатыр
- Астанада Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісін өлтірді
- Көк майсадағы элита: Назарбаев кеткеннен кейін гольф-клубта кім қалды?