Теракт пен соғысқа үгіттеген екі қазақстандық 9 жылға сотталды
Фото: Elements.envato.com
Теракт пен соғысқа үгіттеген Ақтөбе облысының және Қаскелең қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысында тұратын ер адам жұртты лаңкестік топтарға қосылуға үгіттеп, үйінде өте көп қару сақтағаны үшін 9 жылға сотталды. Оның үйінен екі автомат, сегіз тапанша, мылтықтар, алты рация, көз жасаурататын заттар, граната және 500-ден астам оқ-дәрі табылды. Ер адам өзгелерді содырларға қосылуға үгіттеп қана қоймай, өзі де солардың қатарына қосылмақ болған.
Сонымен қатар, Қаскелең қаласының тұрғыны да 9 жылға сотталды. Ол теракт жасамақ болып, ел ішінде ұйым құруға тырысып, өзгелерге радикалдардың идеологиясын насихаттаған.
«Алматы облысының сот шешімімен терроризмді насихаттағаны және лаңкестік әрекет ұйымдастырғаны үшін адамдарды үгіттеп, қоспақ болғаны үшін Қаскелең қаласының тұрғындарының бірі 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу деректеріне қарасақ, ол Қазақстан аумағында терактілер жасау үшін лаңкестік топ құруды жоспарлады. Осы мақсатта өзге діндар азаматтарға терроризм идеологиясын тықпалап, оларды өз қатарына қосуға тырысқан», деп мәлімдеді полиция.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметіне қарасақ, жыл басынан бері Қазақстанда терроризм мен экстремизмге қатысты істер бойынша 34 адам сотталған. Олардың екеуі – шетел азаматы. Тағы 23 адамның ісі бойынша тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады
- Павлодарда бір жарым жастағы бала тазартқыш сұйықтық ішіп, мүгедек болып қалды