Теміртаулық журналист Гусевке үкім шықты
Коллаж: Orda.kz
Алматы қаласының Алатау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 147-бабының 5-бөлігі («Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты және дербес деректер мен оларды қорғау туралы ҚР заңнамасын бұзу») бойынша айыпталған Олег Гусевке үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Гусев 2023 жылдың тамыз айында «Кенжехан» базарының жаңа иелері мен жалға алушылар(саудагер) арасындағы қақтығыс туралы мақала жазған. Сол кезде журналист Елена Сәуақасованың жеке және отбасылық құпиясын жариялаған.
Айыптау тарапының пікірінше, Гусев бұл әрекетті жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіру және қоғам алдында жағымсыз бейне қалыптастыру мақсатында қасақана жасаған. Журналист өзіне тағылған барлық айыптауларды жоққа шығарып, жәбірленуші туралы ақпаратты сот кабинеті жүйесіндегі ашық дерекқордан алғанын мәлімдеген.
Сот Гусевті кінәлі деп танып, оған төрт жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру және үш жылға журналистік қызметпен айналысуға тыйым салу жазасын тағайындады. Алайда судья рақымшылықты ескеріп, нәтижесінде Теміртаудан шыққан журналистке үш жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Айта кетейік, 17 жастағы мүгедек қызды зорлауға оқталған Үндістаннан келген студент ұсталды.
Жаңалықтар
- Тоқаев «ЛГБТ насихаттына тыйым салу» туралы Заңға қол қойды
- Қопадағы оқушы өлімі: Кінәлілер түрмеден босап шықты
- Адам Қадыровқа тағы бір марапат берілді
- Орынборда қазақстандық зейнеткер полицейлерді ұрғаны үшін қамалды
- Теміртаулық журналист Гусевке үкім шықты
- Шымкентте аудандық полиция басқармасының бастығы ұсталды
- Назарбаев пен Мирзиеев телефон арқылы тілдесті
- «Қорғас ісі»: Қожамжаров командасының тағы бір өкілі сотталды
- Ақтөбеде 12 адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот үкімі шықты
- Тоқаев Мария Хаджиеваны лауазымынан босатты
- 17 жастағы мүгедек қызды зорлауға оқталған Үндістаннан келген студент ұсталды
- «Шығын — 8,5 млн»: Түркістанда келін енесінің алтындарын ұрлап, құмар ойынына жұмсаған
- Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның алименттен қалай жалтаруға тырысқанын айтты
- Садыр Жапаровпен ЖИ арқылы «суретке түскен» блогер жазаланды
- Атырауда базар аумағында ірі өрт шықты
- Астанадағы түнгі клубта 18 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды
- Атырауда егде жастағы үш адам газдан уланып көз жұмды
- Жапаров Атамбаевты мемлекеттік атақтарынан айырды
- Мәжіліс депутаты Нұрсұлтан Назарбаевқа шетелге шығуға тыйым салуды ұсынды
- Израиль Сирияның оңтүстігіндегі Талл әл-Ахмер ауданына шабуыл жасады