«Темекімен күйдірді»: Алматы облысында 16 жастағы қызды қорлаған әкімдік қызметкері анықталды
Фото: Pixabay.com
Алматы облысында әкімдік қызметкері мен тағы бір әйелдің 16 жастағы қызды ұрлап, оған қорлық көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысында 16 тамызда 16 жастағы қызды 1996 жылы туған екі әйел ұрлап, азаптаған.
«Күдіктілердің бірі Масақ ауылдық округі әкімінің аппаратында қызмет істегені анықталды. Олар жасөспірімді ұрып-соғып, темекімен күйдіріп, өзенге батырып, зорлық-зомбылық көрсеткен. Барлық әрекеттерін бейнежазбаға түсіріп, артынша бейнежабаны таратамыз деп қорқытып, 3 миллион теңге талап еткен» деп жазды НеМолчи қоры.
Алайда НеМолчи мәліметіне сәйкес, Алматы полициясы оқиғаның егжей-тегжейін, сондай-ақ көпке рұқсатсыз жария етуге болмайтын жеке ақпаратты да таратып жіберген. Қазір WhatsApp чаттарында қылмыс жайлы ақпарат тарап, жәбірленушінің туыстары мен олардың ауыл тұрғындары оқиғаны біліп отыр.
«Мұндай қызметкерлер жауапкершілікке тартыла ма? Біз оларды ҚР ҚК-нің 147-бабы («Жеке өмірге қолсұғушылық, жеке және отбасы құпияларын заңсыз тарату») бойынша жауапқа тартады деп үміттенеміз» деп жазды қор.
Еске сала кетейік, Алматы қаласының №116 мектебінде бір мұғалімнің 18 жыл бойы жалған дипломмен ұстаз болып жұмыс істегені анықталды.
Жаңалықтар
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?
- Рудныйда аулада ойнап жүрген баланы көлік қағып мерт қылды
- Көкпардан әлем чемпионаты 15–21 наурыз аралығында Түркістанда өтеді
- Қазақстан өз азаматтарын эвакуациялай бастады: Шиеленіс аймағынан 467 адам шықты
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема