Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда

cover Фото: 1news.az

Иран Түркия бағытына баллистикалық зымыран ұшырды деген айыптауларға жауап берді. Тегеран Түркия аумағына қарай баллистикалық зымыран ұшырды деген айыптауларды жоққа шығарып, АҚШ пен Израиль екі елдің арасына іріткі салуға тырысып отырғанын Иранның ресми өкілі мәлімдеді,  деп хабарлайды Orda.kz.

Иранның «Хатам әл-Анбия» орталық штабының ресми өкілінің айтуынша, Иран қарулы күштері «достас әрі көршілес» Түркия бағытына ешқандай зымыран ұшырмаған.

«АҚШ басшылығы мен сионистік режимнің бұрынғы арандатушылық әрекеттерін ескерсек, мұндай қадам екі ел — Иран мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты бұзу мақсатында жасалған болуы мүмкін. Бұл әрекет АҚШ пен сионистік режим тарапынан жасалды деген күдік бар, сондықтан оны жан-жақты тексеру қажет»,  деп мәлімдеді Иранның мемлекеттік телеарнасы. 

13 наурыз, жұма күні Түркияның Қорғаныс министрлігі елдің әуе кеңістігінде Иран тарапынан ұшырылды делінген баллистикалық зымыранның ұсталғанын хабарлаған. Қорғаныс өнеркәсібі мен әскери авиацияға арналған Savunma sanayi порталының мәліметінше, зымыранның нысанасы Инджирлик әуе базасы болған. Зымыранды НАТО күштері атып түсірген.

Осы оқиғаға байланысты Түркия сыртқы істер министрлігі түсініктеме беру үшін Иран елшісін шақырды.

Бұған дейін Түркияның Қорғаныс министрлігі 4 және 9 наурыз күндері Иран аумағынан ұшырылды деген тағы екі баллистикалық зымыранның атып түсірілгенін хабарлаған болатын. 5 наурызда Иран билігі Түркия елінің егемендігіне құрмет білдіре отырып, оларға жасалған соққыны жоққа шығаратынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар