«Таза Қазақстан» акциясы кезінде барлығы ағаш отырғызып жатқанда Тараз билігі ағаш кесіп ерекшеленді

cover Бейнеден скриншот

Тараз тұрғындары біздің ботқа видео жолдады, онда коммуналдық қызметкерлер үп-үлкенан  жайқалып өсіп тұрған арша ағашының тамырын отап тастады, деп хабарлайды Orda.kz.

Orda.kz  қала әкімі Бақытжан Орынбековке:

 «Сәлеметсіз бе, бұны не үшін істеп жатыр? Жап-жақсы өсіп тұрған ағаштың тамырына неге балта шабылды? Көгалдандыру бойынша басқа жұмыс қалған жоқ па?» деген сұрақ жолдады.


 Ал енді осы сұрауымызға:

«Төле би даңғылындағы Қарахан көшесінің қиылысындағы жолдың кеңеюіне байланысты жиектер мен үш арша ағасы алынып жатыр. Ағаштар Шерхан Мұртаз көшесіне отырғызылады» деген жауап алдық әкімдіктен. 


Ағаштардың қайта отырғызылатыны жақсы десек те, бірақ олар осындай жабайы  кесуден кейін тамыр жая ма, тамырына балта түскен ағаштың жайқалып өсіп кетуі неғайбыл...

Енді жолдың не үшін кеңейтілетіні белгілі. Қала орталығындағы осы учаскеде элита санатындағы тұрғын үй кешені салынбақ. Алайда, біздің мәлімет бойынша, құрылыс заңсыз, себебі компанияда рұқсат құжаттары жоқ.

Қазір «Орда» тілшісі осы мәселеге қатысты толық репортаж дайындап жатыр. Ал әзірге үш аршаның уәде етілген жерге дұрыс отырғызылатынын бақылауда ұстаймыз.

Бүкіл ел президенттен бастап экологиялық акция аясында ағаш отырғызып жатқанда екі мың жылдық тарихы бар көне шаһар – тараздықтардың бұнысын қалай түсініп, еге жорырымызды білмей отырмыз. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар