Тәуелсіз «Орда» сайтының бас редакторы 2 айға үй қамаққа қамалды
Коллаж: Orda.kz
1 желтоқсан кешінде сот «Орда» сайтының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы екі айға үй қамаққа алу туралы қаулы шығарды. Бұл жөнінде оның адвокаты Мұрат Адам хабарлады.
Бүгін Алматы мен Астанадағы редакцияның кеңселерінде, сондай-ақ бас редактордың үйінде тінту жүргізілді. Құқық қорғау өкілдері редакция адвокаттарын ғимаратқа кіргізбей қойды.
Күндіз полиция «Орданың» шеф-редакторын, алматылық редакцияның шеф-редакторын, шығарушы редакторды және бухгалтерді тергеуге алып кетті. Қызметкерлердің телефондарын тәркіледі.
Алматыдағы кеңседе бас редактордың кабинетіндегі сейфті бұзып ашты. Құзырлы органдар редакцияның жалақы қорындағы қаражатты алып кетті.
Полиция департаменті жалған ақпарат тарату фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Редакция төңірегіндегі жағдай ушығып тұрған кезде сөз бостандығын қорғаумен айналысатын халықаралық «Әділ сөз» қоры ашық мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, бүгін қарулы күштер қаулы көрсетпестен, қорғаушыларды кіргізбей, журналистерді бес сағаттан астам уақыт бойы шығармай қойды.
Бұған дейін саяси мақалалар жариялағаннан кейін «Орда» редакциясына түрлі қысым көрсетіліп, шабуыл жасалғанын айта кетейік. Біздің қызметкерлеріміз тұратын жерге бейтаныс адамдар келіп, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, көршілерден сұрақ-жауап алып, жасанды суреттерді көрсетіп, журналистің іздеуде жүргенін айтып кеткен жағдайлар да тіркелді. Тіпті «Orda» редакциясының Instagram және Facebook-тағы парақшалары тағы да бұғатталған кездер де болды. Сонымен қатар бас редакторымыз басылымды қалай тартып алмақ болғандары жайлы ашық айтып берген еді.
Жаңалықтар
- Тәуелсіз «Орда» сайтының бас редакторы 2 айға үй қамаққа қамалды
- Ақтауда өткен «Рухтың шамы – Пір Бекет» атты ақындар мүшәйрасына қатысты дау шықты
- Атырау облысында тұрғындар зираттарды қиратып кеткендерді жазалауды талап етті
- Алматы әуежайында жаңа туған сәбилерді Қазақстаннан әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды
- Алматыда ауладағы баланы теуіп құлатқан ер адам ұсталды
- «Қайраттың» бұрынғы бапкері 46 жасында көз жұмды
- Алғабастағы алапат өрттен аман қалған 7 жастағы қыз да қайтыс болды
- «Сен кімсің өзі?»: Құзырлы орган қызметкерлері Orda.kz заңгеріне дөрекілік танытты
- Orda.kz редакциясына қаруланған әскерилер келіп, тінту жүргізіп жатыр
- «Қара киінген адамдар. Белгісіз көліктер»: Редакциядағы әріптестерімізден хабар жоқ
- Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды
- Елордадағы Qyran тұрғын үй кешеніндегі алаяқтық елімізге миллиардтаған шығын келтірді
- «Құмар ойынды ауыздықтау»: Ресейдің есеп жүйесін енгізіп егемендіктен айырылып қалмаймыз ба?
- Еліміздегі Airbus бағдарламалық жасақтамасын жаңарту толық аяқталды
- «Пәтер бағасы қатты қымбаттайды»: экономист жаңа Салық кодексіне қатысты пікір білдірді
- Ақ үй маңында Ұлттық гвардия қызметкерлері жарақаттанғаннан кейін АҚШ босқындарды қабылдауды тоқтатты
- Отандық БАҚ мәселесі: Жасанды зерде жарнамасыз қалдырып, жарға итеріп жатыр
- Оңтүстік-Шығыс Азияда су тасқыны мен көшкін салдарынан 500-ден астам адам опат болды
- «Ойымды дұрыс жеткізе алмадым» - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары мүгедектігі бар адамдардың намысына тиген сөзі үшін кешірім сұрады
- Түнде Алматыда адам шошырлық көлік апаты болды, зардап шеккен үш адам ауруханада