«Тәуелділік тәуекелі»: Ресей салған алғашқы АЭС-ке Қазақстан жалғыз иелік ете ала ма?
Қазақстан өзінің алғашқы атом электр станциясының (АЭС) тек иесі ғана емес, сонымен қатар операторы, уран шикізатының өндірушісі әрі болашақ станцияның барлық технологиялық процестерінің толыққанды иесі болады. Бұл туралы ҚР Атом энергетикасы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, конкурс өткізу барысында негізгі талаптардың бірі – атом электр станциясының қазақстандық мамандар есебінен тәуелсіз әрі тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету болған. Осы мақсатта кадр даярлау жүйесін, өндірістік-техникалық базаны құру және барлық құрылыс кезеңдерін барынша жергілікті болғаны көзделген.
«Біз бұл – Қазақстан экономикасына ірі инвестиция салу екенін жақсы түсінеміз. Толық жауапкершілікпен айта аламын: атом технологиялары бойынша Ресейге тәуелділік тәуекелі азғантай, тіпті жоқ деуге болады. Мұның бәрі келісімшартта нақты бекітілген», — деді Сәтқалиев.
Оның айтуынша, ынтымақтастық формуласы өте қарапайым: «Келді, салды, үйретті – кетті».
Сонымен қатар Қазақстанда жылу бөлетін құрастырмалар (ТВС) өндірісі ұйымдастырылады. Елде уранның мол қоры бар және қазірдің өзінде отын таблеткаларын шығара бастады. Бұдан бөлек, Қазақстанда уранды конверсиялауға арналған канадалық компаниялардың лицензиясы бар және ресейлік, қытайлық серіктестермен бірлескен жобалар жүзеге асырылуда.
Бұл жобаны іске асыру Қазақстанда шикізат өндіруден бастап отын өндірісіне дейінгі барлық бағыт бойынша толыққанды атом кластерін құруға мүмкіндік береді. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес келеді және атом электр станцияларын салу мен уран өнеркәсібін дамытудағы басты міндеттердің бірі болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті «Росатом» салатын болды. Тілшілеріміз «Неліктен Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Ресей салады?» деген сұраққа жауап іздеп, сарапшылар пікірін білді, ол туралы мына жерден оқи аласыздар.
Жаңалықтар
- Израиль Хаменеидің жерасты бункерін жарып жіберді
- «Үйінді астында тұтас отбасылар болуы мүмкін». Алеппо қаласында бес қабатты үй опырылды
- Іс алты рет тоқтатылған. Атыраулық әйел екі жасар егіз баласын күйеуі зорлады деп айыптады
- «Қыздың қырық жаны бар»: Тоқаев әйелдерді мерекемен құттықтады
- Әзербайжан Ираннан барлық дипломатын қайтаратын болды
- Қазақстанның кей өңірлерінде 25 градусқа дейін күн суытады
- Ескі үлгідегі 10 мың теңгелік банкноттар айналымда тағы бір жыл болады
- Израильде зымыран шабуылы кезінде видео түсірген Өзбекстан азаматы полиция назарына ілікті
- Астана қаласы сотының төрағасы болып Айдар Смағұлов тағайындалды
- Инсульт алғанын пайдаланған: Ақтөбеде анасының шотынан ақша шешкен ұлы істі болды
- «Қазтеміртранс» филиалы директорының 540 млн теңге парамен ұсталғаны расталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды
- Қазақстанда 10 миллионға жуық әйел бар
- Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды
- Ирандағы соғыс жаңа кезеңге өтті: Қазір не белгілі?
- Иран «ұзаққа созылатын соғысқа» толық дайын екенін мәлімдеді
- «Мекенжайын әскерге беремін»: Зеленскийдің сөзі Еуропада жаңа дау туғызды
- Қонаевта 150 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
- Оразалы Ержанов тағы қамауға алынды
- Қазақстанда қанша әйел мұғалім бар?