Таудағы құтқару қызметі ТЖМ-не қайтарылады

cover Фото көрнекілік үшін

Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің республикалық орталық штабы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қайтарылуы мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновке «таудағы құтқару қызметі жеке секторда қала ма, әлде оны Төтенше жағдайлар министрлігіне қайтару керек пе?»  деген сұрақ қойылды.

Барлық құтқарушылар мен өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері бір бөлімнің астына біріктірілгенде, бөлшектену, жұмысты қайталау және тиімсіз пайдалану болмайды деп сеніммен айта аламын»,  деп жауап берді Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы.


Министр бұл мәселені соңына дейін зерделеу жөнінде тапсырма бергенін атап өтті.

Нәтижелерге сүйене отырып, біз осы үдерістердің барлығын оңтайландыру және дұрыс құру мақсатында кадрлық шараларды жүзеге асырамыз. Бұл бізге барлық қауіп-қатерге тезірек ден қоюға мүмкіндік береді»,  деп толықтырды Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар