Тауда адасқан жас туристер табылды

cover Фото: ҚР ТЖМ

Алматы облысында 17 жастағы екі турист биіктігі 3050 метрлік Фурманов шыңын бағындырғысы келіп, жолға шыққан. Бірақ олар барар бағыттарын жақсы білмей, адасып қалды, деп хабарлайды Orda.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

112 нөміріне қоңырау шалып, көмек сұрағандарының арқасында екеуі де аман қалды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматы қаласының Құтқару жұмыстары қызметімен бірлесіп іздеу жұмыстарын жүргізді.  Туристер Алматы тауындағы  Панорама шыңындағы құтқару үйінен табылды.

Жас туристер қауіпсіз жерге жеткізіліп, ата-аналарына тапсырылды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар