Тараздағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды

cover

Бүгін 26 тамыздағы Жамбыл облысындағы әскери бөлімде болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Әскери қызметкер Тараз қалалық ауруханасына 26 тамыз күні түскен.

Белгілі болғандай, марқұм болған азамат 1983 жылы туған 28349 әскери бөлімінің капитаны Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев.

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімін басқарған.

Еске салсақ, 26 тамыз Жамбыл облысында әскери бөлімдердің бірінде инженерлік оқ-дәрі жарылған. 10-ға жуық жарылыс болған. Салдарынан 100-ге жуық адам зардап шеккен.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар