Танымал блогер қыз бетін қайтарған соң Балқаштың жігіттері оны суға батырып жібере жаздады
Фото: бейнекадрдан үзінді
Балқаш көліндегі «Көктем» демалыс орнындағы су аттракционына демалуға келген бойжеткендер катермен жүзіп бара жатқанда жұмыскерлер оларға әдейі бұрылған. Оған қыздардың таныспай қойғаны себеп болыпты. Ойсыз әрекеттен оқыс оқиға туындап, меймандарға зақым келіп, үш бойжеткен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Блогер Аружан Мағзұмның айтуынша, су аттракционындағы жұмыскерлер қыздарға қырыңдаған. Ал қыздардың танысқысы келмеген. Олар қыздарға ерегісіп, қызметін дұрыс көрсетпей, әдейі оқыс бұрылып, оларға зақым келтірген.
«Басы жақсы басталған еді. Бір кезде айналғанда біз бір-бірімізге соғылып, дірілдеп, қалшылдап кеттік. Ал қызметкерлерден жағаға апаруды, осымен тоқтатуды сұрағанымызда, олар біздің сөзімізге құлақ аспай, бірден бұрылыс жасаған кезде, біз суға қатты құладық», – деді Аружан Мағзұм.
Блогердің сөзінше, қызметкерлер жағаға өздері жетіп, суға батып кете жаздаған бойжеткендерге қарап, оларды мазақтап тұрған.
«Мен бірден жүзе алмайтын сіңліме жүзіп бардым, ол суға батып, тыпырлап жатты. Өйткені оған жилетін дұрыс кигізбеді. Оны тыныс алуы үшін көтеріп тұрдым. Сол уақытта катер жүргізушілері біздің өмір үшін күресіп жатқанымызды көріп, мазақтап тұрды және біздің көмекке шақырған айқайымызды елемеді».
Уақыт өткеннен кейін қызметкерлердің бірі оларды құтқару үшін суға түсіп жүзіп барған.
«Бір кезде сіңлімнің есінен танып, басы суға кетіп бара жатқанын байқадым. Сол кезде ғана жүргізушілердің бірі суға секіріп, біз жаққа қарай жүзе бастады. Ал eкіншісі катeрдe тұрып, газды басты. «Диванды» сүйретіп келе жатқан екіншісі сіңлімнің киімі арқанға оратып кетті, ол болса катермен суға сүйретіліп, тұншығып, жилетінің ішінен басын көтере алмай, батып бара жатты. «Тоқта» деп айқайладық, жүргізуші бұрылып та қарамады. Оны басқа әпкесі арқаннан жұлып алып, құтқарып қалды».
Қыздармен танысқысы келген «еркектер»
Блогердің сөзінше, осы оқиға бойынша олар «денсаулықққа қасақана зақым келтіру» фактісімен полицияға арыз жазған. Алайда полиция департаменті бұл істі көлік инспекциясына жіберген.


Аружанның айтуынша, оның сіңлісі шошынғаннан тілін жұтып қойған. Салдарынан қазір екі қызға «аспирациялық пневмония» диагнозы қойылып ауруханада жатыр. Ал Қарағанды облысының полиция департаменті оқиғаға кінәлілерден жауап алынғанын мәлімдеді.
«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталып, жауап алынды. Құқық бұзушылықтың жасалуына себеп болған жағдайлар мен мән-жайларды толық анықтау, сондай-ақ кінәлілерді заң аясында қатаң жауапкершілікке тарту мақсатында қажетті барлық тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді Қарағанды облысының полиция департаменті.
Еске сала кетейік, Астанада қыздың бөксесін ұстаған алты баланың әкесі 5 тәулікке қамалды.
Жаңалықтар
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде
- Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді
- Гоада клубтан шыққан өрт 25 адамның өмірін жалмады
- Зеленский Уиткоффпен және Кушнермен Ресейдің жаңа шабуылының қаупі туралы телефон арқылы сөйлесті
- Қазақтың жас таеквондашысы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды
- Түркістанда жұдырығы жуан шенеунік қызметінен айырылды
- Алматыда түнде болған алапат өрт сөндірілді
- Батырхан Төлеуғали жастар арасында таеквондодан әлем чемпионы атанды
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді
- Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
- Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
- Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты
- ТЖМ еліміздің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін нысандар мен ғимараттарды тексерді
- Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
- Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды
- Стоматологиядағы бала өліміне қайталама наркоз бен ескерілмеген препараттар себеп болуы мүмкін — сарапшы