Танымай қалмаңыз: полицейлердің формалары өзгерді (фото)

cover

Патрульдік полицейлер, сыртқы қызмет қызметкерлеріне және ішкі істер органдарының басқару аппараттарының қызметкерлерінің киім үлгісі өзгерді.

Бұл туралы Orda.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.

Жаңа киім үлгісінде әлемдік тәжірибеге сәйкес, бірінші кезекте қызметкерлердің ыңғайы жүріп тұруы мен климаттық жағдайға төзімділігі ескерілген.

Енді халық органдарда істейтін адамдарды бірден таниды. Себебі мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша киімнің жекеге үлгісі бар.

Сонымен қатар, полиция басқармалары аппараттарында жұмыс істейтін әйелдерге жазда қосымша көйлек берілетін болды.

Барлық киім үлгілерде «POLISIA» деген жарық шағылыстырғыш жазуы бар.

Алғаш рет полиция қызметкерлерінің аяқ киімі өзгертілді. Енді полицейлер кроссовкамен жүретін болды.

Қала мен облыстық полицияға арнайы шеврон жасалды. Ол жейденің оң жеңіне тағылады.

Ал киімдегі металл бұйымдар тоқымаға ауыстырылған.

– Жаңа форманы енгізу қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Оған ауысу ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және ескі форманың тозуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, - деді министрлік мамандары.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар