Тәліптер Алматыда көрме өткізбек

cover фото: orda.kz

Ауғанстан билігі тамыз айының соңында Алматыда көрме өткізеді.

Бұл туралы ауған басылымы хабарлады.

Ресурс ақпараты бойынша, Алматыдағы ауған көрмесі шамамен 20 күннен кейін өтуге тиіс. Бұл туралы Ауғанстан индустрия және сауда министрінің міндетін атқарушы Нұруддин Азизи айтты. Азизидің айтуынша, қазақстандық мегаполисте болатын көрме-жәрмеңкесіне 300-ге жуық делегат келеді. Бұл қатарда «Тәліп» қозғалысының ауған билігінің өкілдері мен бизнес өкілдері де болады. 

«Егер компания немесе ел өз өнімдерін әлемдік нарыққа шығарғысы келсе, көрмелерге қатысуы керек. Бұл көрме Қазақстанға өте-мөте қажет», — деді Ауғанстанның сауда-инвестициялық палатасының директорлар кеңесінің мүшесі Ханжан Алокозай. 


Бұған дейін Ауғанстан Өзбекстанда, Түрікменстанда және Қытайда осы тектес көрмелер өткізген болатын. ҚХР-да мұндай көрме шілде айының соңында өтті және алты күнге созылды. 

Бұл ретте дайындалып жатқан ауған көрмесі туралы ақпарат Алматы қаласы әкімдігінің де, ҚР СІМ-нің де ресурстарында жоқ. 

Өткен жылы тамыз айының соңында Алматы мен Астанада Тәжікстанның мәдениет күндері өтті. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар