Талибандар Тәжікстан маңындағы тарихи резиденцияны басып алды

cover

Талибан қозғалысының (Қазақстанда, Ресейде, Тәжікстанда және басқа бірнеше елдерде тыйым салынған радикалды ұйым) содырлары Ауғанстанның Тахар провинциясында, Тәжікстанмен шекаралас Ахмад Шах Масудтың тарихи резиденциясын басып алды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Бұл Фархор ауданындағы «Чамани Хустдех» резиденциясы, оны Ахмад Шах Масуд өзінің штабы ретінде пайдаланды. Тарихи ғимарат тәркіленгеннен кейін талибандар бұл жерде демонстрациялық кездесу өткізді.

Талибан содырлары

Резиденцияның өзі мұражай ретінде де пайдаланылды. Онда көптеген әскери жәдігерлер мен естеліктер бар. Жергілікті басылымда талибандардың ғимаратты тонауға немесе қиратуға бағытталған әрекеті Ауғанстан мәдениетіне залал келтірені айтылған.

– Егер талибандар ғимаратты тонауға немесе қиратуға шешім қабылдаса, Ауғанстан беделі ғана емес, сонымен қатар мәдениеті де залалға ұшырайды, деп жазады басылым.

АҚШ пен НАТО елден өз әскерін шығара бастағаннан кейін талибандар Ауғанстанға шабуыл жасап, ондаған әкімшілік аймақтарды бақылауға алды.

22 маусымда Шерхан-Бандар кедендік және Тәжікстан мен Ауғанстан арасындағы сауда өткелін басып алды. Сондай-ақ, Талибан содырлары Ауғанстанның Балх провинциясындағы шекара пунктіне иелік етті.

Бұл жағдайдан кейін Ауғанстан үкіметінің күштері Тәжікстан мен Өзбекстан территориясына қашуға мәжбүр болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар