Талибандарға қарсы ауғандар елден қашып жатыр

cover

Ауғанстанда талибан* радикалды қозғалысының туы Кабулдағы президент сарайы үстінен көтерілді. Жергілікті тұрғындар әуежай арқылы елден қашып кетпек болып әрекеттенуде.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Кабул әуежайында жүздеген адам жиналған. Мәліметтерге сәйкес олардың көбі білім және ғылым саласының мамандары. Талибандардың* ел басқаруына қарсы шыққандар ұшаққа мініп, кетуге таласып жатыр.

Кешегі түннен бері елден кетуге асыққандардың видеосы желіде жариялануда.

Әуежайда тұрақты рейстердің тоқтатылуына байланысты бейберекетсіздік басталған. Ұшу тұрғысынан тек әскери-көліктік рейстер ғана қамтылған.

АҚШ әскери күштері Кабул әуежайында ауғандарға оқ жаудырғаннан кейін бірнеше адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың суретін РИА Новости telegram арнасында жариялады. Олардың ақпаратына сәйкес, мыңдаған ауғандықтар жиналған Кабул әуежайының жолаушылар терминалындағы атыс салдарынан кемінде үш адам қайтыс болған.

Flightradar мәліметтері бойынша, Кабул әуежайында қазіргі уақытта бірде-бір ұшақ жоқ. Әуежайдағы бар ұшаққа мініп үлгермегендер, оның дөңгелегінен ұстаған күйі ұшып кеткен. Желіде олардың биіктен құлап жатқан видеолары жарияланды.

Сонымен қатар, 15 Тамызда Сурхандария облысының Шерабад ауданында ауған ұшағы құлаған, болжам бойынша Ауғанстан үкіметтік әскерлерінің әскери қызметкері зардап шеккен.

*Талибан - Қазақстанда қызметіне тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар