«Талибан» Ауғанстан Ислам Әмірлігінің жандануын жариялайды

cover

Терористік ұйым Кабулдағы президент сарайына орнығып алды.

Бұл туралы Orda.kz Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жақын арада президент сарайынан Ауғанстанның Ислам Әмірлігін құру туралы жариялайтындарын мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Ашраф Ғани отставкаға кеткенен кейін, Тәдіжістанға қашқаны туралы мәлім болды. «Талибан» Ауғанстанда уақытша үкімет құрылмайтынын да айтты. Олар билікті тікелей өткізіп беруді талап етеді.

Кабул әуежайына эвакуацияланған АҚШ-тың Ауғанстандағы елшілігі хабары бойынша, АҚШ әскери күштері әуежайдың қауіпсіздігін қамтамасыз еткеніне қарамастан, әуе айлағындағы жағдай күрделі.

«Әуежайдың өртенгені туралы хабарламалар келіп түсуде. Біз АҚШ азаматтарына баспана алуға нұсқау береміз. АҚШ-тың Ауғанстандағы елшілігі консулдық операцияларды тоқтатты. Бұл уақытта елшілікке немесе әуежайға келмеуіңізді сұраймыз», – делінген елшілік хабарламасында.

Талибан бұған дейін Ауғанстандағы шетелдіктер елден кетуі немесе жаңа билік органдардарына тіркелуі керек деп айтқан болатын.

Кабулда коменданттық сағат енгізілді.

Ауғанстан Ислам әмірлігі –1996-2001 жылдары Ауғанстан аумағының көп бөлігін басқаратын ішінара танылған мемлекет. Азаматтық соғыс нәтижесінде «Талибан» қозғалысы билікті басып алған кезде пайда болды. Талибан режимі Аль-Каида террористік тобымен бірлесіп жұмыс істеді деп айыпталған. 2001 жылы АҚШ-тың әскери араласуы нәтижесінде Талибанның құлауына әкелді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар