Талғардағы трагедия Түркістан облысында қайталана жаздады
Фото: Orda.kz
Аядай Арыс қаласындағы дүкенде осыдан бір апта бұрын жантүршігерлік оқиға болды. 12 наурыз күні кешкі сағат сегіздер шамасында кассада тұрған жігітті бұзақылар аяусыздықпен жабылып ұрып кеткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Бәленің бәрі 500 теңгеден басталды дейді жәбірленуші.
«Маған 500 теңге берді. Мен оны алған кезде жарамсыздығын байқадым. Сосын мен жігіттерге түсіндіріп «Балалар, мына 500 теңге өтпейді. Жарамсыз болып қалған» деп айттым. «Оны алғаныммен адамдарға бере алмаймын» деп түсіндіріп жатсам, «Қалай, сонда алмайды?» деп ұрыс-керіс бастады. «Қазір ағаларымызды шақырып келіп, бетіңді таптап кетеміз» деді. Мен кассада жалғыз өзім отырамын. Ешқайда кетпей жұмысымды жалғастыра бердім. Дүкенді сол сөздер үшін жауып, тастап кетпеймін ғой. 15-20 минуттан кейін оншақты бала кіріп келді», —,дейді Алмасбек Әліпбайтегі.
Бұзақылардың үшеуі дүкен есігін жауып тұрса, төртеуі дүкеншіге жабылған. Басынан теуіп, аузынан ұрып, ол аздай еден жуатын ағашпен кезектесіп желкеден соқты дейді жәбірленуші. Есінен айырылған кезде дүкен иесінің 11-сынып оқитын інісі келген. Кәмелет жасына толмаған бала алдымен далада тұрған үшеумен алысып, ақыры ағасын арашалауға кіріпті. Ерні жыртылған 16 жастағы баланы дүкен ішіндегі төртеу де аяған жоқ дейді ағасы.
«Есімді бір жиғанымда інімді ұрып жатыр екен. «Тиіспеңдер» деп айғайлап, ініме қарай талпындым. Ол да есін жоғалтып, қайта жинады. Сөйтіп жатқанда олар дүкендегі қолына түскен заттарды алып, қашып кетіпті. Әйтеуір, інім басын көтеріп, үйдегілерді шақырған. Содан бір апта бойы ауруханада жаттық. Қабырға зақымдалып, ми шайқалып, ерін жыртылып, тіс те босады. Бірақ дәрігерлер хаттамаға миы шайқалды деген ақпаратты ғана жазып, ауруханадан шығарып жіберді», —,дейді Алмасбек Әліпбайтегі.
Бұл Арыстағы сұмдықтың бергі жағы ғана. Қаншама соққы алғанына қарамастан ағайындылардың арызын полицейлер оңайлықпен ала салмаған. Тіпті өзімізді күдікті деп келді дейді ол.
«Полицейлер мен емханада жатқанымда келген жоқ. Шулап жүріп шақырып алдық. Өлейін деп жатқан адамнан да оқиғаның мән-жайын сұрап кетеді ғой? Ал, бізде ондай атымен болған жоқ. Кейіннен бесінші күні мен «күдікті» деп келді. Маған күдікті деген қағазды беріп, «күдікті емеспін деп жазып бер» деп қағазды толтырып, менің арызымды да қабылдамай кетті» ,—дейді Алмасбек Әліпбайтегі.
Амалы таусылған ағайындылар ақыры болған жағдайды әлеуметтік желіге жариялаған. Құзырлы орган өкілдері осыдан кейін бір-ақ қимылдапты.
«Интернетке суреттерімізді жариялаған соң ғана полицейлер үйімізге кешке қарай келді. Оған дейін алдарына барғанымызда қабылдамай қойған. Сөйтіп, арызды алып, екеуін қамадық деп хабарлады. Бірақ біздің оған көңіліміз толмайды. Біздің дүкенге келіп, 500 теңге алмағаным үшін бүлік шығарған екеу емес он адам болатын. Қалғандары бостандықта шалқып жүр», — дейді Алмасбек Әліпбайтегі.
Түркістан облысының полиция департаменті болса істі егжей-тегжейлі тергейміз деп отыр.
«Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта «бұзақылық» яғни «адамдар тобымен жасалған қылмыс» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — дейді Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Мұхтар Сейділдаев.
Қылмыстық іс «бұзақылық» бабы бойынша ғана қозғалған. Алайда жәбірленушілер бұл іс «тонау» және «адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» баптарымен де тергелуі керек дейді. Әрі топтасып бүлік шығарғандардың бірін қалдырмай қамау керек деп отыр.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Түркістан облысы
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында бір топ жігіттің төбелесі адам өлімімен аяқталды
- Атырау облысында алты айлық сәби ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды
- Талғардағы трагедия Түркістан облысында қайталана жаздады
- Alatau city-де жер шетелдіктерге жалға беріледі
- Әсет Матаевқа тағылған айыптардың бір бөлігі алынды
- Трамп Израильге ескерту жасады. Таяу Шығыста не болып жатыр?
- Жыл басталғалы терроризмге қатысы бар 17 адам сотталып үлгерді
- Арнайы ХҚКО басшылығы жүргізуші куәлігі үшін пара алып, сотты болды
- Наурыздағы бата мен тілек: Дәстүрдің мәні неде?
- Қазақстанда несие беру талаптары жаңартылды
- Бұрынғы шенеунік Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады
- Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
- АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін теңіз жаяу әскерін пайдалануы мүмкін
- Атырауда техниканы жалға алып, ломбардқа өткізген екі әйел ұсталды
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған