Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
коллаж: Orda.kz
Талғар маңындағы Қызыл-Қайрат ауылында болған адам өлтіру, екі жасар баланы ұрлау мен зорлау ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Прокурор 12 баппен сотталып жатқан негізгі күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта жәбірленуші тараптың адвокаттары Гаухар Сариева, Жандос Палманов және Асылбек Әбдірайымов прокурордың сұраған жазасына қосылатынын айтты. Қорғаушылардың айтуынша, басты айыпталушыға ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру сұралған.
Осы іс бойынша сотталушылар қатарында отырған кәмелетке толмаған екі күдіктіге қатысты прокурор әрқайсысына 9 жылдан түрме жазасын тағайындауды ұсынды.
«Топ болып алдын ала сөз байласу арқылы жасалған кісі өлтіру фактісі бойынша әр жасөспірімге 9 жыл, ал адам ұрлау эпизоды бойынша 7 жыл 6 ай жаза сұраған едік. Ал прокурор соттан кәмелетке толмағандарға түпкілікті 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді өтінді. Сонымен қатар, біз басты айыпталушыға өмір бақиға жазасынан айыру үкімі мен үш күдіктіден жалпы сомасы 60 млн моральдық шығын талап еттік», – деді Әбдірайымов.
Іс бойынша негізгі айыпталушыға Қылмыстық кодекстің 12 бабы бойынша айып тағылған:
- 99-бап, 2-бөлік, 7-тармақ – «Адамдар тобы жасаған кісі өлтіру».
- 125-бап, 3-бөлік, 2-1-тармақ – «Кәмелетке толмағанды тарту арқылы адам ұрлау».
- 120-бап, 1-бөлік – «Зорлау».
- 121-бап, 1-бөлік – «Күш қолдану арқылы сексуалдық сипаттағы әрекеттер».
- 190-бап, 3-бөлік, 4-тармақ – «Адамдар тобы жасаған алаяқтық».
- 147-бап, 5-бөлік – «Жеке өмірге қол сұқпау құқығын бұзу (жеке деректерді заңсыз тарату)».
- 149-бап, 2-бөлік – «Тұрғын үйге заңсыз кіру».
- 115-бап – «Адам өлтіремін деп қорқыту».
- 287-бап, 3-бөлік – «Қаруды заңсыз жасау».
- 288-бап, 1-бөлік – «Қаруды заңсыз сақтау».
- 200-бап, 1-бөлік – «Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иелену».
- 132-бап, 4-бөлік – «Кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту».
Кәмелетке толмаған екі айыпталушыға:
- 99-бап – «Адамдар тобы жасаған кісі өлтіру»;
- 125-бап – «Бала ұрлау».
Еске салсақ, қанды қылмыс 6 қыркүйекте Қызыл-Қайрат ауылында болды. Ер адам екі жасөспіріммен бірге бұрын қарым-қатынаста болған келіншектің ағасын көшеде атып кеткен. Артынша, оның екі жасар жиенін алып қашып кетеді. Оқиғаның мән-жайын мына репортаждан оқи аласыз.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды
- Мемлекет басшысы Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады
- Трамп АҚШ-тың мәңгі соғысуға жететін оқ-дәрісі бар екенін айтты
- Иранда не болып жатыр: Соңғы жаңалықтарға шолу
- Дубайдан шығамыз дегендерге 1000 долларлық «қақпан»: Алаяқтар туристерді алдап жатыр
- Мексикалық наркобарон соңғы сапарына алтын табытпен аттанды
- Түркістан облысында бойжеткен айналдырған 15 минутта көлігімен екі бірдей оқушыны басып кетті
- Ақтөбеде жанармай құю бекетінде жарылыс болды
- Жаңа заң: Сталкер деген кім және ол қалай жазаланады?
- Тоқаев мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын ауыстырды
- Bulgaria Open-2026: Спортшыларымыз елге 11 медаль әкелді