Талдықорғанда мектеп оқушысы 21 жастағы жігітті пышақтады

cover Фото: Depositphotos.com

Талдықорғанда 17 жастағы жасөспірім пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оның ұсталғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz. 

Полиция дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Кәмелетке толмаған бала мамандандырылған есепке қойылды. Ал білім бөліміне тиісті ұсыныс жіберілді. Тергеу аяқталғаннан кейін жасөспірімнің ата – аналары баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады», деп хабарлады ведомстводан.

Тергеу жалғасып жатыр. 

Расталмаған ақпаратқа сәйкес, 11-ші сынып оқушысы қақтығыс кезінде 21 жастағы жігіттің мойнына және кеудесіне пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханада жатыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар