Талдықорғанда Айзат Жұманованы аяусыз өлтірген күйеуі 14 жылға сотталды
Коллаж: Orda.kz
Талдықорғанда былтыр шілдеде 32 жастағы Айзат Жұманованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Orda.kz.
Сонымен қатар, сот үкімімен сотталған азаматтан жәбірленуші тараптың пайдасына 20 миллион теңге мөлшерінде моральдық зиян өтемақысы өндірілді.
Бұған дейін прокурор Нұрлан Билібеков Айзат Жұманованы өлтірген күйеуі Айбар Жанболатты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Жетісу облысының Баласаз ауылында болған қанды оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл істі Қуандық Бишімбаевтың сотымен салыстырды.
Талдықорғанда өткен сот процесінде прокурор мен марқұмның туыстары және сот-медициналық сарапшы Айзаттың соңғы деміне дейін қаншалықты азап шеккенін айтып, оның ауруханадағы соңғы сәттерінен мәліметтер берді.
Тергеу деректеріне сәйкес, 33 жастағы ер адам мас болып өз үйінің маңында әйелін аяусыз ұрып-соғып, тепкілеген. Айзат есінен танып қалса да, күдікті оны ұруды тоқтатпаған. Кейін Айбар Жанболат ауыр жарақаттан қансыраған әйелін ауруханаға өзі алып барған.
Еске сала кетейік, бастапқыда бұл іс «абайсызда адам өліміне әкеп соғу» бабымен тіркелген еді. Алайда мәйітті эксгумациялап, қосымша сараптама жүргізілгеннен кейін, іс «адам өлтіру» бабына қайта сараланды.
Сонымен қатар, бұған дейінгі сот отырысында Қуандық Бишімбаев пен Шерзат Полаттың істері бойынша сот-медициналық сарапшысы болған Тахир Халимназаров түсініктеме берді. Ол Айзат Жұманованың мәйітіне жасалған екінші сараптама нәтижесінде денесінен көптеген жарақаттар табылғанын және өлімге ауыр бас-ми жарақаты себеп болғанын мәлімдеді.
«Соққылар өте ауыр болған, оның қандай да бір затпен, жұдырықпен ұру немесе қатты затқа соғылу салдарынан болғанын нақты кесіп айту қиын. Жарақаттар өте көп, беті мен денесі көгерген. Шүйде сүйектері сынып, ол бас сүйегінің негізіне дейін тараған. Осы жарақаттардың салдары өлімге әкеп соққан ауыр бас-ми зақымына жеткізген», – деді сотта Тахир Халимназаров.
Сондай-ақ сот процесі басталғанда Жұманованың туыстары марқұмның жүкті болуы мүмкін екенін және мәйітханадан алған кезде оның денесінде атқа байлап сүйрегендей іздер болғанын айтқан еді. Алайда Халимназаров сотта бұл екі нұсқаны да жоққа шығарды.
«Жүктілік белгілерін, яғни ұрықтың дамуын анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу барысында ешқандай нышан табылған жоқ. Алғашқы сараптама да мұны көрсетпеді. Сондай-ақ, денені байлап сүйретуден қалған іздер де анықталған жоқ», – деп мәлімдеді Халимназаров.
Жаңалықтар
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды
- Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары ауысты
- Қазақстан азаматтарына БАӘ-де 217 жылжымайтын мүлік тиесілі
- Референдум: Бүгін үгіт-насихат жұмыстары аяқталады
- Терезе алдындағы ішімдік бөтелкелері: Абай облысында прокуратура қызметкерлері сөгіс алды
- Тоқаев судьялар корпусында ауқымды кадрлық өзгеріс жасады