Талдықорғанда арматура зауытындағы жарылыстан екі адам зардап шекті

cover Фото: Хабар

28 маусымда Талдықорғандағы арматура зауытында снаряд жарылды. Екі жұмысшы жарақат алды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Жұмысшылардың біріне жедел ота жасалды. Қазір оның жағдайы – орташа ауыр.

– Жарақат алғандар фабриканың жұмысшылары. Жараланғандардың бірінің сол жақ бүйрегіне снаряд сынықтары тиіп кетті. Оны кесіп, алып тастауға мәжбүр болдық. Науқас дәрігерлердің бақылауында, - деді Талдықорған көпсалалы ауруханасының хирургі Қуат Нұрланұлы.

Жарылыс түнде арматура зауытының қоймасында болды. Онда саперлер жұмыс істеді.

Белгілі болғандай, сол сәтте жақын жерде үш жұмысшы болған, екеуі жарақат алған, ал үшіншісі үйіне жіберілген.

Әзірге төтенше жағдайлар қызметі жарылғыш заттың Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны аумағына қалай түскенін түсіндірген жоқ.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар