Талғарда үш жасар қызды көлік қағып кетті

cover

Талғарда үш жасар қыз көлік дөңгелегінің астында қаза болды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

– Mercedes-Benz Sprinter автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Қашқари көшесімен батыс бағытта келе жатып, үйдің ауласына кіріп, 2018 жылы туған жас қызды қағып кетті, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаментінде.

Оқиға болған жерге жақын орналасқан учаскелік полиция қызметкері бүлдіршінді әкесімен бірге жедел ауруханаға жеткізді.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар