Такси жүргізушісін ұрған жолаушыға сот үкім шығарды

cover Фото: Depositphotos

Алматыда такси жүргізушісін балағаттап, қол көтерген жолаушыларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.

Жолаушылардың бірі артқы орындықта отырып шылым шеккен. Ал жүргізушінің көлікте темекі шегуге болмайды деген ескертуіне боқтық сөздермен жауап беріп, басынан ұрып жіберген.

Ақырында жолаушы 12 тәулікке қамауға алынып, 100 000 теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ал алдыңғы орындықта отырған екінші жолаушы да балағат сөздер айтқаны үшін ұсақ бұзақылық жасады деп айыпталып 15 тәулікке қамалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде такси жүргізушісін балағаттап, қол көтерген жолаушылардың бейнежазбасы тарап кеткен болатын.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар