Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық эвакуацияланды

cover Фото: gov.kz

Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.

Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының 12 рейсі орындалды. Соның нәтижесінде 3300-ден астам қазақстандық аман-есен елге оралды.

«Әуе рейстерімен қатар, азаматтарды эвакуациялау құрлық жолдары арқылы да жүзеге асырылуда. Мәселен, 6 наурызда Қазақстанның Иран Ислам Республикасындағы шетелдік мекемелері «Заркух» компаниясының 7 қызметкері – Қазақстан азаматтарының иран-армян шекарасына шығуын ұйымдастыруды жоспарлап отыр», деп хабарлады СІМ.

Бұған дейін Тегеран мен Еревандағы қазақстандық дипломаттар Иран аумағында қалған осы компанияның 34 қызметкерінің елден шығуына көмектескен. Олар автобуспен иран-армян шекарасынан өтіп, қауіпсіз аймаққа жетті. Осылайша, бүгінгі күнге дейін Ираннан барлығы 52 Қазақстан азаматы эвакуацияланды.

Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері эвакуация толық аяқталғанға дейін жергілікті жерде үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, шиеленіс аймағындағы отандастарымызбен тұрақты байланыста болады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар