Таиланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыс болды

cover Фото: BBC, Getty images

23 шілде күні таңертең Таиланд пен Камбоджа арасындағы дауға айналған аумақта қарулы қақтығыс болды, деп хабарлайды Orda.kz.

BBC ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қақтығыс екі ел арасындағы бұрыннан келе жатқан дауға себеп болған Та Моан Тхом ғибадатханасының маңында болған.

Екі тарап та атысты бірінші болып кім бастағанын бір-біріне сілтеп, жауапкершілікті мойнына алудан бас тартты:

  • Камбоджа әскерилері тай сарбаздарының алғаш болып оқ жаудырғанын және ғибадатханаға баратын жолды жауып тастағанын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде камбоджалық тарап қорғаныс мақсатында қарсы шабуыл жасағанын айтты.
  • Алайда Камбоджа Қорғаныс министрлігі бұған қарама-қайшы мәлімдеме жасап, өз әскерлерінің тек қорғану мақсатында әрекет еткенін жеткізді. Олар тай әскері бірінші болып шабуыл жасағанын алға тартты.

Тай билігі Камбоджаның бұл аймаққа барлау мақсатында ұшқышсыз аппарат жіберіп, кейін ол жерге толық қаруланған жасақ шоғырландырғанын мәлімдеді.

Қақтығыс салдарынан кемінде екі тай сарбазы жарақат алғаны хабарланды.

Та Моан Тхом — екі ел арасындағы шекарадағы дау-дамайға түрткі болған көне тарихи нысан. Соңғы жылдары бұл өңірде бірнеше мәрте осындай шиеленіскен жағдайлар болған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар