«Таңғы жетіде тұрмайсың». Ене мен келін жаға жыртысты (видео)

cover

Жақында әлеуметтік желіде келін мен ене сөзге келісіп қалған. Жанжал арты жаға жыртысуға дейін апарған. Айғай-шуға кішкентай балалар куә болған.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Видеода жанжал келіннің кеш тұрғанынан шыққан. Енесі ашуға бой алып, айғайға басқан, ал келіні болса сөз қайтарған.

Енесі «Таңертеңнен бастап есіктің алдында кішкентай бала құсап тұрады атаң. Жетіде тұрмайсың, сегізде тұрасың. «Келін тұр! Келін тұр!» деп бөлмеңнің алдында тұрады. Үйден кет» деп ұрысқан.

Келін болса, «қашан тұрсам, сонда тұрам» деп сөз қайтарған. Жанжалды қайын атасы видеоға түсіріп, оларды төбелесуге үгіттеген.

Мұндай көріністі екі бала көруге мәжбүр болған. Біреуі төбелес басталғанда жылай бастайды.

Желі қолданушылары екі әйелдің балалардың көзінше өздерін тұрпайы ұстағандарын сынға алды.

ЕСКЕРТУ! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Видео қай жерде түсірілгені белгісіз.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар