Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісіне қатысты сот үкімі шықты

cover

2019 жылғы 13 қазанда Ақмола облысы Қарағанды-Нұр-Сұлтан тас жолында Lexus көлігінің жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргінші Ерлан Омарқұловты қағып кетті. Салдарынан жүргінші оқиға орнында қаза тапқан. Көлікті тізгіндеген белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі болған, ал көлік әзілкешке тиесілі. Оқиғаға қатысты сот шешімі араға екі жыл салғаннан кейін, яғни бүгін шықты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Тұрсынбек Қабатовтың қызына қатысты шу шыққан уақытта, оның жүргізушісіне қатысты сот үкімі шықты. Ол 4 жылға сотталды.

«2021 жылғы 16 тамызда Нұр-сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Т.Ә.Қасенбайға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Т.А.Қасенбайға абайсызда адам өліміне әкеп соққан автомобильді басқаратын адамның ЖҚЕ бұзғаны үшін (ҚК 3 Сот үкімімен Т.А.Қасенбай ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі, 346-бабының 1-бөлігі, 58-бабының 2-бөлігі бойынша) көлік құралын жүргізуге тыйым сала отырып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайтында.

Сот үкімі күшіне енбеген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар