Түрмеде тұтқынды азаптаған полицейдің жазасы күшейтілді

cover Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысындағы колониялардың бірінде тұтқынды азаптап өлтірген полицейге қатысты апелляциялық сот отырысы өтті.

YK-news.kz порталының хабарлауынша, 2019 жылдың 18 маусымында ОВ 156/2 мекемесінде тұтқын Андрей Кондратенко полицейдің қолынан азапталып, өлтірілген. Оқиға тәрбие жұмысы бөлімінде орын алған.

Белгілі болғандай, полицей тұтқынды бассейнде тұншықтырып өлтірген. Артынша тәртіп сақшылары «ол тәртіптік камерада өзіне құл жұмсады» деп шығарған.

Тұтқынды азаптап, өлтіру бойынша алты қызметкер жауапқа тартылды. Іс бойынша 2021 жылы қазан айында сот отырысы өтіп, полицейлер кінәлі деп танылды. 29 желтоқсанда апелляциялық алқа отырысы өтіп, полицейлердің жазасы күшейді.

Егер үш қызметкер бұған дейін 5 жылға сотталса, енді үш жыл мерзімге құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан айрылып, алты жылға сотталды.

Қалған үш қызметкердің жазасы өзгеріссіз қалды. Тұтқынды суға батырған екі қызметкердің бірі жеті жылға, екіншісі сегіз жылға сотталды.

Ал мемлекеттік айыптау тарапы осының барлығына себепші болған майор Серіковті басқалармен бірдей дәрежеде соттауды талап етті. Себебі, ол бұған дейін сотталушы қайтыс болған кезде оқу бөлімінде болмағандықтан, ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы (Азаптау) бойынша ақталған.

Аппеляциялық сотта Серіковке жаза қатаңдатылды. Ол өмірі бойы құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылып, жалпы қауіпсіздігі орташа мекемеде тоғыз жылға сотталды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар