Сыйлық берсеңдер, бәріне бірдей беріңдер – Рафаэль Уразбахтин
Фото: Orda.kz
«Жетісу» бас бапкері Самат Смақов ойында «Қайрат бізді быт-шыт қылды» деп ашық айтты. Ал Рафаэль Уразбахтин қақпашыларға беріліп жатқан көліктерге байланысты: «Егер сыйлық берсеңдер, бәріне бірдей беріңдер» деген ойын жеткізді. «Қайрат» пен «Жетісу» арасындағы матчтан кейін қос бапкер журналистерге мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Талдықорғандық «Жетісу» командасының бас бапкері Самат Смақов ойыннан кейін жеңілісті өз мойнына алатынын мәлімдеді.
«Мұндай ойыннан кейін пікір білдіру қиын. Жеңілісті өз мойныма аламын. Бірінші тайм біз үшін сәтсіз өтті. Тактикалық жоспар мен ойын схемасын таңдауда қателік кетті. Соның салдарынан қорғаныста өрескел қателіктерге жол бердік. Мүмкін, кейбір ойыншылар қобалжыды, жанкүйерлердің қысымынан қорықты. Мен бастапқыда жігіттерге: “Егер біреу қорқып тұрса, алаңға шықпай-ақ қояйық. 0:3 техникалық жеңіліс аламыз” деп айттым. Бүгін «Қайрат» біздің командамызды быт-шыт қылды, айқын басымдықпен жеңіске жетті», – деді Смақов.
Сондай-ақ, ол «Қайраттың» қарқыны Чемпиондар лигасындағы тәжірибесінің нәтижесі екенін атап өтті.
«Қайрат» Еуропада ойнап жүр, ол жақтағы қарқын мүлде басқа. Әрбір қателік – гол. Қазір «Қайрат» Қазақстандағы ең мықты команда деп ойлаймын. Чемпионаттағы барлық міндеттерін орындап, Чемпиондар лигасында мүмкіндігінше көп ұпай жинауды тілеймін», – деді «Жетісу» бас бапкері.
Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин баспасөз мәслихатында футболшыларға беріліп жатқан сыйлықтарға қатысты пікір білдірді.
«Сыйлық беретін бизнесмендерге біз тыйым сала алмаймыз. Бірақ бір ойыншыны бөліп көрсету дұрыс емес. Футбол – командалық ойын. Егер шынымен көмектескісі келсе, клубқа көмектессін. Ал сыйлық беретін болса, бәріне бірдей берсін. Бір адамды ерекшелеп көрсету командалық рухқа зиян. Біздің клубтың саясаты да осындай. Дегенмен, сыйлық беріп жатқан кәсіпкерлерге ештеңе үйрете алмаймыз. Тек айтарым – егер қолдау көрсеткілеріңіз келсе, барлығын қолдаңыздар», – деді Уразбахтин.
Еске сала кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде екі матчта алаңға шыққан 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмұрза мадридтік «Реалға» қарсы кездесуден кейін автокөлік иеленген еді. Ал жақында «Селтикпен» өткен ойында ерлік көрсеткен қақпашы Темірлан Анарбеков те автокөлікке ие болды.
Енді алматылықтарды алда екі маңызды кездесу күтіп тұр: Чемпиондар лигасында «Қайрат» пен «Пафос» арасындағы ойын 21 қазан күні өтеді, ал ҚПЛ аясында 26 қазанда «Қайрат» пен «Астана» кездеседі.
«Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесудің толық репортажы Orda.kz порталынан оқи аласыздар
Жаңалықтар
- Семейдегі ойын-сауық орталығында алапат өрт шықты
- «Бәрі жақсы, қала сол баяғыша»: Дубайдағы қазақстандықпен сұхбат
- Тоқаев энергетика министрін қабылдады
- Тоқаев Оман сұлтанына эвакуациядағы жәрдемі үшін алғыс айтты
- «Ақша қателесіп түсті» дегенге сеніп қалмаңыз: Банк қосымшасы арқылы жасалатын алаяқтық схема
- Алматыда 2006 жылы қылмыс жасаған адам 19 жылдан кейін сотталды
- Денесінің 85%-ы күйген: Щучинскідегі жарылыстан 9-шы адам көз жұмды
- Израиль Тегерандағы президент резиденциясына соққы жасады
- Иран мектебіндегі қанды қасаптан қаза болған 165 адамның жаназасы шығарылды
- Щучинскіде жарылыс болған дәмхананың иесі ұсталды
- Шучинсктегі жарылыс: Тағы бір адам көз жұмды
- Зеленский: Иранның әскери нысандарына жасалған шабуыл – дұрыс шешім
- Бөлінген қаражатты қалтаға басқан Өскемен әуежайы басшылары сотталды
- Талғардағы қантөгіс: Прокурор басты айыпталушыны өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады
- Сәденов Тоқаевқа елдегі қылмыс деңгейі төмендегенін айтты
- Алматыда 14 жасқа дейінгі балалар арасында қызылша өршіп тұр
- Ирандағы соғыс жағдайына басқа мемлекеттердің реакциясы қандай?
- 2026 жылы алты жаңа бағытта ақылы жол іске қосылады
- Қазақстанға гүлдер қай елдерден әкелінеді?
- Қазақстан азаматтарын эвакуациялау бағыттары нақтыланды