«SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
Фото: Қазақстан арнасы
Кезінде халық арасында өте танымал болған «SuperStar KZ» жобасы қайта жанданып, жаңа жұлдыздарды іздеуге кірісті, деп хабарлайды Orda.kz.
Qazaqstan телеарнасы бүкіл елге хабар таратып, еліміздің түкпір-түкпірінен ең талантты өнерпаздарды үлкен сахнаға шақырып жатыр.
Негізінен «SuperStar KZ» жобасы жобасы танымал британдық «Pop Idol» шоуы негізінде жасалған реалити-шоу. 20 бұрын ол Еуразия арнасында сенбі күндері кешке көрсетіліп жүрді. Бұл жоба Қазақстандағы ең үздік жас әншілерді анықтауға арналған өте танымал байқау болды.

Ол кезде шоуды тамашалап, жанкүйер болған жұртшылық SMS немесе телефон арқылы дауыс беретін.
«SuperStar KZ» жобасы сол кездегі Қазақстан телевидениесінде сатып алған лицензиялық жобалардың екіншісі еді. Бағдарлама негізінен орыс тілінде жүргізілді, ал әндер орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде орындалды. Сол кезде жобаға қатысқан Айнура Назарбекова, Алтынай және Жанара сияқты кейбір қатысушылар тек қазақ тілінде де еркін сөйледі.
Бірінші маусым «толық лицензия» бойынша өтіп, тоғыз айға созылды. Жоба аясында 16 қаласында, атап айтсақ, Астана, Тараз, Ақтау, Семей, Павлодар, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Орал, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе және Алматы қалаларында іріктеу өтті. Нәтижесінде қазылар алқасы 5563 адамды тыңдады.
Екінші кезең Алматыда өтіп, 3 күнге созылды. Бұл кезеңде 100 қатысушының ішінен 50 адам іріктеліп алынды.
Үшінші кезең «Work shop» («Жұмыс шеберханасы») деп аталды. Ол 2003 жылдың 1–30 қарашасы аралығында бес апта бойы өтті. Әр апта сайын Алматыға 10 қатысушы келіп, вокал, хореография және стиль бойынша сабақ алды. Сенбі күндері тікелей эфирде көрермендер олардың үйренгенін тамашалады. Әр ондықтан тек екі қатысушы ғана келесі кезеңге өтті.
Финалға 10 адам шықты. Алайда 13 желтоқсанда ұйымдастырушылар «Сәтті билет» кезеңін өткізіп, 8 қатысушыға финалға шығуға қосымша мүмкіндік берді. Бұл 8 қатысушы қазылар алқасының әр мүшесі бір-бірден таңдау арқылы анықталды. Тағы екі қатысушы қазылардың өзара талқылауы нәтижесінде іріктелді. Сонымен қатар тағы екі үміткерді бас продюсер таңдады.
Одан кейін финалдық концерттер кезеңі басталды. Бұл кезеңде 12 финалистің ішінен әр апта сайын бір қатысушы жобадан шығып отырды.
Енді осындай қызық жоба араға 20 жыл салып, қайта жанданбақ. Музыкалық шоуға өнерге құштар жасы 16-25 аралығындағы кез келген азамат қатыса алады.
Офлайн кастинг 4-26 сәуір аралығында Қазақстанның 9 ірі қаласында өтеді, оған кез-келген талантты жас қатыса алады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ өзі соғысып жатқан Иранның мұнайын сатып алмақшы
- «SuperStar KZ» жобасы 20 жылдан кейін қайта оралды
- Батыста балық қырылды: мамандар себебін анықтады
- Майдандағы жұмбақ риторика: АҚШ пен Иран текетіресі қай бағытқа кетіп барады?
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Қызға аяқ көтерген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамалды
- Иран Ормуз бұғазы арқылы танкерлерді ақылы өткізе бастады
- Жетісу облысында қытайлықтардың иелігіндегі цемент зауытына 264 млн теңге айыппұл салынды
- Астана – Алматы күре жолында бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға түсті
- Тоқаев қасиетті Түркістан жеріне барған сапарында не айтты?
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
- Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- Қазақстандықтар жылқы етін тұтыну бойынша жаңа рекорд орнатты
- Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесін зиярат етті
- Астанада Наурыз мейрамы қалай тойланады?
- Алматыда жол-көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты
- Иранға жасалған шабуыл кезінде жаңа туған нәресте мен алты бала қыршын кетті
- Қамшыбек Тәшиев қырғыз халқынан кешірім сұрады
- Мұнай бағасының өсуіне байланысты елімізде жалақы көтерілуі мүмкін
- Қош келдің, әз-Наурыз! Алматыдағы мерекелік шаралар