Алматы облысы Жамбыл ауданында әскердегі 19 жастағы сарбаз өзіне-өзі қол салды. Оның мүрдесін асылып тұрған жерінен тапқан, деп хабарлайды Orda.kz.
Өткен жылдың күзінде әскерге шақырылған Шынарбек Даниял Талғатұлының артынан көктемде оның егіз бауыры Шынарбек Дінмұхаммед Талғатұлы да Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған еді.
Фото: Еңлік Қалтаева / Instagram
«Бауырлар алғашында әскерде бірге қызмет еткен. Алайда ант қабылдағаннан кейін Дінмұхаммедті Мәтібұлақтағы 01098 әскери бөлімге ауыстырып, егіздерді екіге бөлген. Дәл осы жерде қайғылы оқиға болды»,– дейді әпкесі.
Фото: Еңлік Қалтаева / Instagram
19 жасқа енді ғана толған Шынарбек Дінмұхаммед Талғатұлының асылған күйі жансыз денесі табылғаны жайлы дерек шықты. Жақындарының айтуынша, ол еңбекқор, мейірімді, болашаққа жоспар құрған жас болған. Отбасы бұл жағдайды суицид деп қабылдай алмай, шындықты талап ететіндерін мәлімдеді. Олар президен Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінетіндерін айтты.
«Біз, марқұмның отбасы, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, осы істі жеке бақылауына алуын сұраймыз. Бейбіт заманда қашанғы сарбаздар қаза таба береді? Бізге шындық пен әділдік керек»,– дейді әпкесі.