Субсидияға бөлінген ақшаны жымқырған 30-дан астам адам ұсталды

cover

30-дан астам адам ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімшелері мен ұйымдарында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының көмекшісі Шыңғыс Әлекешев брифинг кезінде мәлімдеді.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауқымды арнайы операцияның нәтижесінде ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты бөлімшелері мен ұйымдары, сондай-ақ Нұр-сұлтан, Шымкент, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдіктері қатарынан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, - деді Әлекешев.

Оның айтуынша, олар субсидиялау үшін бөлінген бюджет қаражатын ұрлаумен айналысқан, сондай-ақ кәсіпкерлерден жүйелі пара мен заңсыз сыйақы алудың сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырған.

– Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде, заттай дәлелдемелер алынды, 30-дан астам адам анықталды, олардың көпшілігі қазірдің өзінде мойындап, тергеумен ынтымақтасуда. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, - деді көмекші.

Бұған дейін Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Нұр-сұлтан, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын.

Барлық ұстауладың ауыл шаруашылығы үшін бөлінген субсидияны ұрлаумен байланысты екені атап өтілді.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар