Субұрқақта зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

cover

Алматыда субұрқақта ойнап жүрген балалар мен оларды құтқармақ болған әйелді тоқ соққан. Қазіргі күні зардап шеккендердің екеуінің жағдайы жақсы. Бүгін ауруханадан үйге шығарылды.

Балаларға жедел медициналық көмек орталығы бас дәрігерінің орынбасары Алуа Жексенова айтуынша балалардың жағдайы жақсы. Дәрігер екі қыздың да 25 маусымда үйге шығарылғанын жеткізді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

– 19 маусым күні 8 және 10 жастағы қыздар электр жарақаты диагнозымен ауруханаға түсті. Бүгінге дейін, жеті күн бойы бақыланып, денсаулықтарының жақсаруына байланысты үйге шығарылды, - деді бас дәрігердің орынбасары.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы бір науқастың жағдайы ауыр екенін растап отыр. Ведомство мәліметінше, тоқ соққандардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр.

– Жасанды тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өзі демалып жатыр. Барлық медициналық көмекті алуда - делінген хабарламада.

Айта кетейік, субұрқаққа жауапты Eco Almaty ЖШС-нің басшысы Жанна Асанова пікір білдірді. Ол субұрқақ жанында «шомылуға болмайды» деп жазылғанын атап өтті.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар