Су тасқыны қаупінен өңірлердегі 252 адам қауіпсіз жерге көшірілді
Фото: ТЖМ
Қазақстанның бірнеше өңірін су басуы мүмкін. Сондықтан 252 адам, оның ішінде 38 бала тұрғылықты мекен-жайынан басқа қауіпсіз жаққа көшірілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі эвакуацияланған адамдардың біразы арнайы пункттерде орналастырылғанын, біразы туыстарына кеткенін мәлімдеді.
«1 наурыздан бастап 5,4 млн текше метрден астам су жиналды. 855 мың қап және 44 мың тонна инертті материалдар төселді. Сондай-ақ 843 мың метрге жуық арықтарды тазарту жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны кезеңінде 638 адам, оның ішінде 139 бала эвакуацияланды. Үйге 380 адам оралды, оның 101 – і бала», деп мәлімдеді ТЖМ.
Солтүстік Қазақстан облысындағы автожолдарда үш рет су тасқыны болған. Сонымен қатар Прибережное ауылына көлік қатынай алмай қалды.
Қазіргі таңда ТЖМ қызметкерлері Қызылжар ауданындағы жылыжайларда, Прибрежное, Ольшанка, Вагулино, Соколовка ауылдарында және Петропавлдағы Заречный кентінде тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Айта кетейік, Ақмола облысы Аршалы ауданының кәсіпкері Дидар Қызыров жергілікті әкімдік оған 2024 жылы су тасқыны кезінде еріген қар суын сору жұмыстары үшін 35 млн теңгеден астам қарыз болғанын мәлімдеген еді.
Жаңалықтар
- Израиль Каспий теңізіндегі әскери-теңіз күштеріне жасаған соққысының видеосын жариялады
- Наурыз мейрамы парсылардан келген бе?
- Мойнымнан қылқындырды: Екі баласынан жәбір көрген әке тың деректерді айтты
- Итті құтқарып қалған: Алматылықтардың ерлігі арт-нысанға айналды
- Шымкентте жасөспірім 5-сынып оқушысын ұрып-соққан видео тарады
- Екібастұзда әкімдік қызметкерлері букмекерлік кеңселерде құмар ойын ойнаған
- Бесқонақ: Қазақ танымындағы құпия бес күн
- Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келіп, 23 млн долларлық суперкомпьютер кластерімен танысты
- Иранда үкіметке қарсы шеруге қатысқан үш адам дарға асылды
- Алматы облысының тұрғыны алимент төлеу үшін бүйрегін сатпақ болған
- Жамбыл облысында ірі көлемдегі жымқыру күдігімен аурухананың бас дәрігері ұсталды
- Қазақстандықтар наурызда қосымша тағы бір күн демалады
- Шенеунік қамауға алынғанын жасыру үшін аурухана анықтамасын пайдалануға тырысқан
- Түрікменстаннан келген студент Алматыда босанып, баласын тастап кетуге тырысқан
- Трамп Тоқаевты Майамиге шақырды
- Ғабиден Мұстафин: индустрия дәуірін жазған қаламгер
- Ұлдары әкесін ұрып-соғып келген: Жетісу облысында жанжал айлар бойы жалғасып жатыр
- Израиль Каспий теңізі аймағындағы Иран нысандарына шабуылдады
- Таяу Шығыстағы жағдай: Трамптың мың құбылуы мен жоғары лауазымды тұлғалардың өлімі
- Сауд Арабиясы: Иранға деген сенім жойылды