Су тасқыны болған өңірлердегі түлектерге 12 мың грант бөлінеді

cover Фото: Ашық дереккөзден

Су тасқыны болған өңірлердегі түлектерге 12 мың грант бөлінеді, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты. 

Су тасқыны болған 6 өңірдегі түлектерге үш бағытта жағдай жасалған. 

«Біріншісі – сол өңірдегі түлектерге уақыт беру үшін олардың тестілеу мерзімі 1 маусымнан 12 шілдеге дейін шегерілді. Осылайша, 47 күн берілді.
Екіншісі – мемлекеттік тапсырыстың 20%-ы, яғни зардап шеккен өңірлерге 12 мың грант бөлінеді. 
Үшіншісі – 6 өңірдің түлектері негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинаса, қаңтар және наурызда алған ҰБТ ұпайын қолдануға мүмкіндік беріледі», — деді ол. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар