Стамбұлда оппозиция белсендісі Экрем Имамоғлу ұсталды

cover Фото: Cumhuriyet

Түркия билігі стамбұлдық оппозиция белсендісі Экрем Имамоғлуды ұстады, деп хабарлайды Orda.kz.

Түркиялық БАҚ өкілдерінің мәліметінше, полиция жүргізген операция сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жаппай тергеумен байланысты. Бұған дейін оның үйіне тінту жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, Имамоғлудың баспасөз хатшысы да ұсталды және 100 шақты қала белсенділерін  полиция алып кеткен.

Дереккөздердің мәліметінше, қазір ол уақытша қамауда.

Айта кетейік, Экрем Имамоғлу 2027 жылы өтетін Түркия президентін сайлауда оппозицияның негізгі кандидаты және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның басты бәсекелесі болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар