Түркия ресми түрде Стамбул конвенциясынан шықты

cover

Түркия Еуропа Кеңесінің Әйелдерге қатысты және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мен оған қарсы күрес туралы конвенциядан (Стамбул конвенциясы) ресми түрде шықты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Түркияның бұл шешімі сынға ұшырады және мыңдаған адамдар Түркияның ірі қалаларында көшеге шығып, елдің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық келісімнен шығуына наразылық білдірді.

– Біз өз күресімізді жалғастырамыз. Түркияның бұл шешімі өз-өзіне «оқ атқанмен» бірдей, - деді түрік әйелдер қауымдастығы федерациясының басшысы Джанан Гуллу.

Оның айтуынша, наурыз айында билік конвенциядан шығатынын жариялағаннан бері әйелдер қиын жағдайларда көмек ала алмайтын болған.

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы Түркияның конвенциядан шығуын «ұят» деп атады.

– Конвенциядан шығу – бұл зорлық-зомбылық жасаушыларға, мүгедектерге қол жұмсауға берілген мүмкіндік, - деді ұйымның өкілі Агнес Калламард.

Анкараның шешімі АҚШ-тың да, Еуропалық Одақтың да айыптауына себеп болды. Сыншылардың айтуынша, бұл әрекет Түркияны 1987 жылдан бері қосылғысы келген Еуроодақтан алыстатады.

Әйелдерді қорғау туралы конвенция 2011 жылы Стамбулда қабылданды, сондықтан оны Стамбул конвенциясы деп атайды. Құжат отбасылық зорлық-зомбылықпен күресу жөніндегі алғашқы еуропалық келісім болды. Түркия бұл құжатты ратификациялаған алғашқы мемлекет болды. Одан кейін тағы 33 мемлекет жасады. Конвенция 2014 жылдың 1 тамызында күшіне енді.

Стамбул конвенциясы психологиялық, физикалық және жыныстық зорлық-зомбылық, мәжбүрлі аборт, жыныстық қысым көрсету үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталаған. Келісімді ратификациялаған мемлекеттер әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын қабылдауға міндеттеледі.

Наурызда Түркия президенті Реджеп Ердоған әйелдер құқығын қорғау жөніндегі конвенцияның бастапқы мақсатын гомосексуализмді насихаттауға тырысқан адамдар тобы қабылдағанын және бұл елдің әлеуметтік және отбасылық құндылықтарымен үйлеспейтінін мәлімдеп, Түркияның бұл ұйымнан шығатынын айтқан.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар