Спутник V-ның үнді штамына қарсы тиімділігі төмен

cover

Коронавирусқа қарсы Спутник V вакцинасын әзірлеуші Гамалеи орталығының директоры мәлімдеме жасады.

Бұл туралы Orda.kz РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады.

– Біз үнді штамына, нақтырақ айтқанда «дельтаға» қатысты сарысулардың белсенділігі шамалы төмендегенін көрдік. Бұл Спутник V вакцинасы бойынша шамамен 2,6-ға, - деді Гамалея орталығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Денис Логунов.

Екпенің тиімділігі төмендесе де, ол үнді штамынан қорғауға қабілетті.

– Мен тағы бір рет айтайын, 2,6-ға азайғаны - өте аз көрсеткіш, бұл әлемдегі барлық басқа вакцинаға қарағанда аз, - деді орталықтың ресми өкілі.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар