Сот пайдаланусыз жатқан жер телімін қайтарды

cover Фото:egov.kz

Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген тексеру барысында ЖШС-не қатысты жер телімін ұзақ уақыт пайдаланбау фактісі анықталды.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті хабарлады.

Жалпы ауданы 2,14 гектар жер учаскесі тұрғын үй құрылысына берілген болатын.

Департамент ЖШС-не осы заң бұзушылықтарды бір жыл мерзімде жоюға нұсқама берген болатын. Алайда берілген уақыт аралығында ЖШС ешқандай шара қабылдамады. Осыған байланысты жер ресурстары басқармасы жер учаскесін мәжбүрлі түрде жерді алу туралы сотқа талап-арыз жолдады.

Алматы қаласы сотының 2024 жылғы 31 мамырдағы шешімімен департамент талап-арызы мақұлданып, жер қайтарылатын болды.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар