Солтүстік Қазақстанда егістік кеңейіп, жайылым тарылуда

cover

Солтүстік Қазақстанның Березовка ауылының тұрғындары мал жаятын жер таппай, оны союға мәжбүр.

Бұл туралы Orda.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Жайылымдық жерлер тапшылығы жердің кәсіпорындарға егін егуге берілгендігінен басталған. 2 жыл бұрын ауылда 200 бас сиыр болса, қазір 30 бас қана қалған.

– Менің 10 бас жылқым бар, оны 300 шақырымдағы құдама апарып тастадым. Мал жаятын жер жоқ. Ауылда тұрамыз, жайылым жоқ, шабындық жоқ, айналаның бәрін жыртып тастады. Қыста беретін жем-шөп жоқ. Менің ойымша, ауылда қалған 30 бас малдан да ештеңе қалмайды. Сояды немесе басқа жаққа апарады, - деді ауыл тұрғыны Шарнияс Рүстенов.

Ауылда 500 адам тұрады. Олардың бірі Максим Ищук Петропавлдан ауылға шарушалық жүргізу үшін көшкен. Бірақ жайылымдық жердің жоқтығы оның жоспарына балта шапқан.  

– Жердің бәріне егін егілген. Сиыр жаятын жер жоқ. Қойларды Мамлют ауданына апаруға тура келді, өйткені басқа амал жоқ. Сиырлар сүт бермейді, бұзаулар да салмағын жоғалтты. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін несие алғым келген. Енді қайдағы несие? - деп шағымданды ауыл тұрғыны.

Шенеуніктер бұл ақпаратты растады.

– ЖШС, шаруа қожалықтары байқау арқылы жеңіп алды. Сөйтіп жерлерін жырта бастады. Бұрын ол жерлер пайдаланылмаған. Осыған байланысты жайылым жетіспеушілігі туындады, - деді Қызылжар ауданы Рощин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бибігүл Мусина.

Ауыл шаруашылығы басқармасында Березовка ауылында 500 гектарға жуық жер жетіспейтіндігін түсіндірді.

– Қызылжар ауданының әкімдігіне жеке сектордың жайылымдық алқаптарын ұлғайту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Ағымдағы жылы 20 мың гектар, оның ішінде Березовка ауылы да бар . Сондай-ақ, бүгін ауыл шаруашылығы құрылымдарымен жеке сектордың мал жаюы үшін оларға бекітілген жайылымдарды беру бойынша меморандум жасалуда, - СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатыныастары басқармасы басшысының орынбасары.

2021 жылы 77 мың гектар жер жайылымға берілген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар