СҚО-да жүкті әйел орыс ұлтына тіл тигізгені үшін екі жылға сотталды
Фото: freepik.com
Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық сот 35 жастағы Жансұлу Дархамбаеваны ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін кінәлі деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен қоныс- колониясында өтейді. Істің мән-жайын Orda.kz тілшісі анықтап көрді.
Жансұлу Дархамбаева – Астана қаласының тумасы. Мамандығы – мұғалім. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысында тұрған. Сотталуына оның TikTok әлеуметтік желісінде 2024 жылдың қаңтар айында жариялаған бейнежазбалары себеп болды. Бейнематериалдарда ол орыс ұлты өкілдеріне тіл тигізіп, қорлайтын сөздер айтқан. Сот материалында бұл сөздер қоғамдық- моральдық нормаларға қайшы келетіні және өзге ұлт өкілдеріне деген жеккөрушілік пен менсінбеушілікті ашық көрсететіні айтылған.
«Біз не бір ашаршылықты, қиындықты көріп, енді-енді аяққа тұрып жатырмыз. Ал сендер, с***, орыстар, бізге керексіңдер ме? Бұл жерден кетіңдер. Қазiр менi тыңдап отырған қазақтар, орыстарды оқытыңдар, өйткені олар – ақымақ, надан…» деп айтылды сотта оқылған бейнежазба мазмұнында.
Лингвистикалық сараптама да бейнежазбаларда ұлтаралық араздық қоздыру, бір ұлтты екіншісінен төмен санау, ұлттық ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау белгілері бар екенін растаған.
Сот барысында Жансұлу кінәсін толық мойындап, әрекетіне өкінетінін айтты. Ол сотта бұған дейінгі өмір жолын баяндап, мұндай әрекетке неліктен барғанын түсіндірген.
Оның айтуынша, Сокологоровка ауылындағы мектепте жұмыс істеген кезінде орыс әріптестері тарапынан қысым көрген. Мектеп директоры мен ата-аналардың көзқарасы да өзгеріп, кейін ол жұмыстан шығарылған. 2024 жылы Урожайное ауылына көшіп барып, мектепке педагог-психолог болып орналасқан. Кейін директор болған. Мемлекеттік тілді мектепке енгізуге талпынған соң, әріптестері мен шаруашылық меңгерушісі тарапынан қысым күшейгенін айтқан.
«Меңгерушіге негізінен жұмысына салғырт қараған не ішімдік ішіп келген адамдар наразылық танытты. Мен ақыры қысымға шыдамай жұмыстан кетіп, Новоишимское ауылына көшіп бардым. Қазір аяғым ауыр, тоғызыншы айдамын», – деді ол сот алдында.
Дархамбаева қай жерде жұмыс істесе де, қазақ тілі мен қазақ ұлтына деген қысымға тап болғанын айтты. Әлеуметтік желідегі бейнежазбаларын алдын ала дайындап, кейін жүктегенін де мойындады. Сотта көпшіліктен кешірім сұрап, мұндай әрекетті қайталамайтынын мәлімдеді.
Сот үкімімен Жансұлу Дархамбаева 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда айыпталушы да, оның туыстары да үкіммен келіспей отыр. Олар бейнеүндеу жариялап, апелляциялық шағым түсірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың алиментті азайту үшін өз атына тіркелген мүліктерді өзгелерге рәсімдегені белгілі болған еді.
Жаңалықтар
- Актер Балтабай Сейітмамытұлы көз жұмды
- Қазақстан-Қырғызстан шекарасында не болып жатыр?
- Қарағанды облысында 4 жыл бойы темірді шетелге заңсыз шығарған кәсіпорын сотқа тартылды
- Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингінен шығып қалды
- Саясаткер жаңа Конституция жасауды ұсынды
- Төбелестен кейін жұмыстан кеткен Сәпиев бірден жаңа қызметке тағайындалды
- Қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
- Украина ресейлік клубтарды Еуропа додаларына қатыстыруға қарсылық танытты
- Талдықорғанда ер адам әйелі мен 3 жастағы баласын аяусыз соққыға жықты
- Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов төбелестен кейін қызметтен кетті
- Қазгидромет ескертеді: Бірден 10 облыста қауіпті метеорогиялық құбылыс
- Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын анықталды
- АҚШ Иранға соққы жасамайтын болды: Тараптар келіссөзге уағдаласты
- Актер Айбек Байназаровты даулы мәлімдемесі үшін жазалауға бола ма: Заңгер түсіндіреді
- Ресей елшілігі адыраспанға қатысты Қазақстан тұрғындарына күтпеген үндеу жасады
- Әсет Ерғалиев Тоқаевтың кеңесшісі болып тағайындалды
- Қазақстандықтарды цифрлық бақылауда ұстап, салығын есептейтін жүйе құрылды
- Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған АҚШ пен Украина азаматтарына іздеу салынды
- «Сен сияқтыларды колонияға қамау керек»: Алматы облысында болған оқушы өліміне кім кінәлі?
- Еуроодақ Иран Қорғаныс күштерін террористік ұйым деп таныды