СҚО Білім басқармасы Петропавлда мектеп оқушысының соққыға жығылғанына қатысты түсініктеме берді

cover

Ведомствоның мәліметінше, бұл факт мектептің әлеуметтік педагогы тарапынан әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталған, деп хабарлайды Orda.kz.

Мектеп әкімшілігі 2025 жылдың 12 мамырында оқиға туралы ақпарат алғаннан кейін дереу әрекет етіп, құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Оқиғаға қатысы бар алты кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты материалдар жиналып, олардың істері Кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Комиссия бұл оқушыларды шектен шыққан  мінез-құлық танытқан балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына жіберу мәселесін қарастыратын болады.

Құқықбұзушылық фактісі ҚР ҚК 194-бабы 2-бөлігі 1,2-тармақтары бойынша – «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қорқытып алу» бойынша Петропавл қаласы Полиция басқармасының ЕРДР-не тіркелген. Бұл бап үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын, сондай-ақ мүлкін тәркілеуді көздейді.

Мектепте кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі инспектордың қатысуымен кезектен тыс кеңес өткізілді.

Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Зардап шеккен қызға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Петропавлда болған оқиға жайлы толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар