СҚО әкімі Мыржақып Дулатұлының мемориалы заңсыз салынғанын айтты
Фото: Facebook/ Заңғар Кәрімхан
Ғауез Нұрмұхамбетов Петровка ауылындағы Міржақып Дулатұлының құрметіне арналған мемориалдың қирауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Жиында әкім құрылыс қажетті құжаттарсыз және ресми рұқсатсыз жүргізілгенін, сондықтан жұмыстар тоқтатылғанын, ал кәсіпкер жауапқа тартылғанын айтты. Әкімнің айтуынша, құрылыс барлық құжат ресімделгеннен кейін ғана қайта басталады екен.
«Кез келген құрылысқа ескерткіш немесе үй болсын жобалау-сметалық құжаттама ресімделіп, жер тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Мұнда ешқандай құжаттар болмады. Аудан әкімінен сұрағанымда, маған құжаттарсыз құрылыс тоқтатылды деп жауап берді. Кәсіпкер жауапкершілікке тартылды», — деді Нұрмұхамбетов.
Айта кетейік, мемориал демеушілердің қолдауымен орнатылды және 27 қыркүйекте ашылуы керек еді. Бірақ қасақана қиратылған кешеннің сол күйі ашылу салтанаты өтпеді.
Жаңалықтар
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр
- Иран билігі АҚШ-пен келіссөз жүргізуден бас тартып отыр
- АҚШ-тың Иранға қарсы әскери шабуылы төрт аптаға созылуы мүмкін — Трамп