Шыңжаңда жер сілкініп төтенше жағдай енгізілді
Фото: Orda.kz
Қытай билігі сәрсенбі күні таңертең Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) 5,2 магнитудалық жер сілкінісінен кейін төртінші деңгейдегі шұғыл ден қою режимін енгізді, деп хабарлайды Orda.kz Синьхуа басылымына сілтеме жасап.
Қытайдың сейсмологиялық желілер орталығының мәліметінше, жер асты сілкіністері 7 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 03:17-де ШҰАА-ның Тасқорған-Тәжік автономиялық округінде тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болды.
Оқиғаға байланысты ведомство ықтимал төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша жұмысты өрістетуді тапсырды. Өңірлік бөлімшелерге сейсмикалық мониторингті күшейту, жағдайға бағалау жүргізу және деректерді уақтылы жаңартуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Эпицентрден 10 шақырым радиустағы аумақ теңіз деңгейінен орташа биіктігі шамамен 4545 метр биік таулы ауданда орналасқан. Қазіргі уақытта қаза тапқандар немесе елеулі қираулар туралы ресми хабар жоқ.
Еске салсақ, былтырғы 4 желтоқсан күні Алматыда жер сілкінді. Тұрғындардың айтуынша, дүмпулер «айтарлықтай сезілді». Төтенше жағдайлар департаменті алдын ала магнитудасын «2–3 балл» деп бағалады.
Жаңалықтар
- 3 және 4 наурыз күндері Сауд Арабиясынан Қазақстанға алғашқы эвакуациялық рейстер болады
- Сыртқы істер министрлігі Иран халқына көңіл айтты
- Нетаньяхудың тағдыры әзірге белгісіз: Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан мәлімдемелер шындыққа жанаспай жатыр
- Қазақстан халқының саны кезекті межеден асты
- Кувейт қателесіп АҚШ-тың үш жойғыш ұшағын атып түсірді
- Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек кабинеттері ашылады
- Астанада 558 млн теңге жымқырған мектеп директоры мен бас есепші сотталды
- Иран әскері Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады
- Щучинскідегі жарылыс: Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын баяндады
- LRT жолаушылар үшін қашан іске қосылады? Астана әкімі жауап берді
- «Қайрат» ФК дәрігері Астана әуежайында бомба туралы қалжыңдаймын деп жауапқа тартылды
- Ресейден қауіпті вирус жұққан қызанақ тұқымдары елге әкелінген
- Ирандағы соғыс Қазақстанға қалай әсер етеді: Ормуз бұғазы мен мұнай бағасы
- Отардағы әскери бөлімде жағы сынған сарбазға қатысты тың дерек пайда болды
- Алты араб монархиясы Иранға ұжымдық қауіпсіздік аясында жауап беретінін мәлімдеді
- «Төмен баға ұсынған»: Астанада пәтерлерді екі реттен сатқан құрылыс компаниясы қызметкерлері қамалды
- Ұлыбритания Иран дрондарына қарсы күреске Украина сарапшыларын тартады
- Экс-президенттің қаза тапқаны жалған — Махмуд Ахмадинежад кеңсесі
- АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы: Соңғы жаңалықтар
- 26 жерінен пышақтап, мәйітін зорлаған: Диананың анасы сот үкімімен келіспей отыр