Шымкенттік экс-шенеуніктің ісіне қатысты тергеу басталды
Фото: Gov.kz
Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының бұрынғы басшысы Нұрбол Жүнісбеков қазір Астанадағы тергеу изоляторында. Оның үстінен қылмыстық кодекстің ауыр бабы бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Нұрбол Жүнісбеков бұл қызметке 2025 жылдың көктемінде тағайындалған. Ал үш жарым ай бұрын оның қамауға алынғаны хабарланды.
«2025 жылғы 5 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша Н.Жүнісбековке және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», – дейді Жамбыл облысы прокурорының орынбасары Ғалымжан Дәненов.
Айта кетейік, экс-шенеуніктің кінәсі дәлелденсе, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- Хромтау әкімі пара алғанын мойындап, 12 млн теңге айыппұлмен құтылды
- Шымкенттік экс-шенеуніктің ісіне қатысты тергеу басталды
- Kcell деректерді қорғау саласындағы сенімділігін растады
- Назым Қызайбай сыйлыққа алған көлігін сатқалы жатыр
- БҚО-да боран кезінде жоғалған ер адамның денесі табылды
- Сәлім Нағым «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
- Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дәулет Шабанбай 3 жылға сотталды
- Тоқаев Жапонияға ресми сапармен бармақ
- Астанада жұмысшы биіктен құлап мерт болды
- Америкалық университеттегі атыс: Қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар бар ма?
- Түлектер мінген автобус апатқа ұшырап, 17 адам опат болды
- Айбек Смадияров президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды
- «Жасыл дәліздер» мен жәрмеңкелер: үкімет жаңа жыл алдында азық-түлік арзандайтына уәде берді
- Трамп Украинадағы соғыс жағдайын АҚШ-тың КСРО-ны «жеңгенімен» салыстырды
- Австралияда жасөспірімдердің әлеуметтік желіге кіруіне тыйым салынып, ғалымдар эксперимент бастады
- 2026 жылы елімізде ақылы жолдар саны өседі
- Ақтауда қарлы боран: ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе рейстері кідіреді
- Қарағанды облысына қоныс тепкен бизондар, тұқым жайып жатыр
- Венгриядағы наразылық: Орбан балаларға жасалған зорлық-зомбылықты ақтады деп айыпталды
- Лукашенко Трамптың өтініші бойынша 120-дан астам саяси тұтқынды босатты