Шымкенттік анасын пышақтап, өртеп жіберді

cover Фото: envato

Шымкентте ер адам анасына пышақ салып, денесін аулаға шығарып, өртеп жіберген, деп хабарлайды Orda.kz.

KöpSöz мәліметінше, Шымкент қаласының тұрғыны психикалық күйзеліс жағдайында 12 қаңтар күні сағат 02:50 шамасында анасына пышақ сұғып, ауыр дене жарақатын салды. 1994 жылы туған ер адам кейіннен Ж.Жабаев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласына денені шығарып, өртеп жіберген.

Оқиға орнында өртенген мәйіттің қалдықтары табылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«12 қаңтарға қараған түні полицияға өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнынан зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйіті табылды. Іс жүзінде қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды және қамауға алынды» деп айтылған хабарламада.


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар