Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
Фото: gov.kz
Шымкентте көпқабатты үйдің үш пәтерінен тұрғындардың мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша марқұмдардың бәрі де газдан уланып қайтыс болған, деп хабарлайды Orda.kz.
Шымкентте тағы да қайғылы жағдай. Бұл жолы қаладағы А.Байтұрсынов көшесіндегі көпқабатты үй қара жамылды. Кеше түскі бірлер шамасында үшінші қабат тұрғыны жанұшырып, көмек сұраған екен. Сөйтсе, үйінде тұратын студент қыз жуынуға кіріп қайта шықпай қойыпты. Ал, есікті бұзып кіргенінде бойжеткеннің жансыз денесін тапқан.
«Түскі бірлер шамасында жоғары қабаттағы көрші келіп көмек сұрады. Өзімнің аяғым ауыр, күйеуім үйде жоқ еді. Сонымен құтқарушылар келіп, есікті бұзып кірсе, қыздың мәйітін тауыпты. Абырой болғанда көрші бөлмеде ұлы есікті жауып ұйықтаған екен. Ол аман», – дейді үй тұрғыны Ұлжан Талғатқызы.
78-үйдегі сұмдық мұнымен бітпейді. Арада екі сағат өткенде төртінші қабат тұрғындары да өлі табылыпты. Алдымен жас жігіттің терезеге ұмтылып, құлаған күйде бақилық болғанын анықтаса, кейін көрші пәтерден 16 және 32 жастағы жеңгесі мен қайын сіңлісінің шығарған.
«Үш пен төртінші қабаттан газ кеткен дейді. Газ мамандары кеше бір қыз қайтыс болғанда бірден тексеру керек еді. Оны ешкім көрген жоқ. Пәтерлерді ұрып-ұрып кеткен. Бұзып кіру керек пе еді?! Жоғары қабаттағы адамдарды аман алып қалатын еді. Енді бізге қайта-қайта келіп жатыр. Тереземізді ашып қоюды ескертті. Үйді желдетіп жүрміз. Газ колонканың орнына басқа құрылғы қою керек дейді. Барлығымыз да үрейленіп қалдық», – дейді тұрғын.
Қазір қалалық ПД бұл іске қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған. Еске салайық, тура бір ай бұрын да Шымкенттегі көпқабатты үйде бір отбасы түгел ұайтыс болған еді. Ол кезде де ақау газ құбырынан кетті деп хабарланған еді.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Шымкент қаласы
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Шымкентте бір үйден төрт адамның мәйіті табылды
- Алматыда мектептен заңсыз шығарылған мұғалім сотта жеңіп шықты
- Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
- Астана мен Алматыда үш күн қатарынан қолайсыз ауа райы болады
- ҚР СІМ: Қазақстан Газа секторына әскер жібермейді
- Оман астанасынан 314 адам елге келді, Таяу Шығыста тағы 9 мыңнан астам қазақстандық бар
- Тоқаев Бағдат Мусинді қабылдады
- Ресейлік газ тасымалдайтын кеме Жерорта теңізінде шабуылға ұшырады
- Израиль қорғаныс министрі: Жаңа басшы «ескі саясатты» қолдаса — көзін жоямыз
- Жұманғарин: Азық-түлік бағасы көтерілгенін ҚҚС-қа жаба бермейік
- «Мумия» деп мазақтап, ұрған: Алматыдағы түзету орталығы даудың ортасында қалды
- Шығын — 40 млн теңге: Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан 9 адам ұсталды
- Мелания Трамп БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізіп, сынға қалды
- Дубайда қырғын болғаны рас па? Х желісі қарулы қақтығыстар туралы фейк видеолармен күрес бастады
- 8 наурыз мерекесінің шығу тарихы
- Соғыстың төртінші күні: Иранда не болып жатыр?
- БАҚ: Хаменеидің ұлы Иранның жоғары көшбасшысы болды
- Ақтөбеде пауэрбанк кесірінен бір отбасы баспанасыз қалды
- Иранға шабуыл: Әлем басшылары дүниежүзілік соғысқа ұласып кетпесе деп алаңдаулы
- «Ақиқат пен есептің арасы жер мен көктей»: Арал теңізінде не болып жатыр?