Шымкентте 9 жасар баладан кавасаки синдромы табылды

cover

Шымкентте 9 жасар баланың өкпе, бүйрек, бауыр мен орталық жүйке жүйесі сыр беріп, ауруханаға түскен. Оның ауру белгілері кавасакиға ұқсас келеді.

Бұл туралы Orda.kz Астана арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Жақында кішкентай бала емделіп шыққан. Қазір учаскелік дәрігердің бақылауында.

Еске салсақ, былтыр төрт балада кавасаки синдромы анықталса, бұл биыл тіркелген бірінші жағдай.

Кавасаки балалар арасында сирек кездеседі. Былтырғы науқастардың ас қорыту жүйесі ауырып, іштері өткен.

– Бізге қабылдау бөліміне келген кезде ең бастысы анамнез, бала төрт аптаның ішінде коронавирустық жаңағыдай ауырған науқастармен байланыста болса, ең бірінші анамнезі бар. Жұтқыншақ, өкпе жағынан, одан кейін ас қорыту жүйесі бойынша асқынулары болса, тыныс жетіспеушілігі, рентген картинасы, зертханалық зерттеулерге байланысты қойылады, - деді Шымкент қалалық ауруханасының пульмонология бөлімінің меңгерушісі Ерғали Қалыбаев.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар